ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабта «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың қатысуымен Қазақстанның ғылыми-мәдени зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.
Сондай-ақ, қонақтарды кандидаттың сенімді өкілі, «Miras» Республикалық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев қарсы алды.
🗣Кездесу барысында қатысушылар кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, қонақтар кандидаттың сайлауалды штабының жұмысымен танысып, өз ұсыныстары мен тілектерін қалдырды.
Олардың қатарында ақын, филология ғылымдарының докторы Оңайгүл Тұржанова, Астана қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған музыкалық театрының директоры Асхат Маемиров, Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының солисі Светлана Айтбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева,«Мемлекет тарихы институт» ММ директоры Еркін Әбіл, Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры, PhD докторы Жандос Болдықов сынды белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері, сондай-ақ кәсіпкер, меценат Талғат Дүйсеков болды.
t.me/toqaev2022