• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 131 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ҚАБАТЫ ТӨСЕЛІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

26.10.2022
in Басты ақпарат

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде айтты.
Аудан әкімі Досбол Күздікбайұлының айтуынша, бүгінде ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы асфальт, 181 шақырымы тас, 19 шақырымы топырақты құрайды.Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделсе, ағымдағы жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын: Оның ішінде, 131 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 1 көшені жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. Сайрам су көпіріне баратын жолға көпір құрылысы толық аяқталғаннан кейін асфальт қабаты төселетін болады.
Сонымен қатар, ауданда ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5 %. Аудандағы жалпы абонент саны – 66 283. Қалаға қосылған 6 елді мекеннің жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс 2023 жылға өтпелі. Ал, жаз мезгілінде ауыз судын шамадан тыс шаруашылық мақсатта пайдалануына байланысты Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алған болатын. Бүгінде аталған елді-мекендерде ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында Базарқақпа және Тоғыс тұрғын алаптарынан қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізуде.
Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйеде 86,4% жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды құрайды.
Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке (Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік) «Бірлестік» ЖШС-і жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы 6149 абонентті табиғи газбен қамтып, көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Брифинг барысында аудан әкімі Досбол Есілбек, аудандағы жарықтандыру, ирригация, абаттандыру жұмыстарына да тоқталды.
Аудан аумағында су басу қауіпі бар 52 мекен-жай анықталды. Оның ішінде бірінші кезекте жалпы ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға 2022 жылы ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і 15 мекен-жайда 6,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнатты. Жұмыстарды толығымен қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көше жарықтандырылған болса, 2022 жылы 34 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін 16 көше жарықтандырылады деп күтілуде. 2023 жылға – 15 көшені жарықтандыруға жобалау сметалық құжаттамалар әзірленді. Қосымша 15 көшені жарықтандыруға нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған