• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ЖЕТІ ҚАҒИДАНЫ АТАДЫ

07.10.2022
in Басты ақпарат
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ЖЕТІ ҚАҒИДАНЫ АТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзін қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында ұлтты ұйыстыратын жеті қағиданы атады.

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025

БІРІНШІ. ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ. Мен былтыр осы тұжырым туралы арнайы мақала жарияладым. Біз егемендігімізді сақтай алсақ қана, ұлт болып, ел болып тұра аламыз. Тәуелсіз мемлекет қана өзінің тілін, жерін, дінін, ділін сақтап қалады. Сондықтан, Тәуелсіздік – біз үшін ең басты құндылық. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту – әрбір азаматқа, бәрімізге ортақ міндет! Тағы да қайталап айтамын. Дамыған, өркениетті ел боламыз десек, еңбекті ең басты орынға қоюымыз керек. Еңбекқорлық – өскелең ұрпақтың бойына сіңген қасиет болуға тиіс. Бұл қасиет біздің өмір салтымызға айналуы керек. Масылдық ниеттен, бос сөзден арылуымыз қажет. Тәуелсіздікті нығайтуға нақты іспен үлес қосу – әр азаматтың перзенттік парызы. Еңбек адамы біздің қоғамда қашанда құрметке ие болады. Себебі, еңбекқор адам өз сөзін әрдайым іспен дәлелдей алады.

ЕКІНШІ. ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ – ЖЕРІМІЗДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ. Бабаларымыз ұрпағына ұлан-ғайыр жерді мирас етті. Біз оның бір уыс топырағына дейін қастерлеп, атамекенімізді қорғай білуіміз керек».

ҮШІНШІ. МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІ – ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ. Ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі осы тұрғыдан қабылдануы қажет. Бір сөзбен айтсақ, әр істе мемлекеттік ұстаным болуы керек. Мемлекет мүддесі дегеніміз – халықтың мүддесі. Сондықтан, барлық шешімдер, жобалар, заңдар мен жарғылар ел мүддесін қорғауға арналады. Туған елге жанашырлық әр азаматқа тән қасиет болуға тиіс.

ТӨРТІНШІ. РУХАНИ ҮНДЕСТІК – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ. Төл тарихымыз, ана тіліміз бен ата дініміз – елді біріктіретін бірегей құндылықтар. Оны дау-дамайға айналдыруға болмайды. Жұртты адастырып, теріс жолға салудан сақтанған жөн. Қазақстанда түрлі этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың мақсаты – бір, болашаққа деген көзқарасы – ортақ. Бәріміз – бір елдің азаматтарымыз. «Әралуандық арқылы – бірлікке» қағидаты ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Біз этносаралық татулықты сақтай білуіміз керек. «Қазақстан азаматы» деген ұғым жалпыұлттық бірегейліктің өзегі болуы қажет. Сонда біртұтас ұлт ретінде келешекке сеніммен қадам басамыз.

БЕСІНШІ. ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП – ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛ БОЛУДЫҢ КЕПІЛІ. Заң талаптары барлық салада мүлтіксіз орындалуға тиіс. Заң алдында – бәрі тең. Заң алдында бәрі бірдей жауап береді. Сонда ғана біз заңы мүлтіксіз орындалатын, тәртібі қатаң сақталатын Әділетті мемлекет құрамыз».

АЛТЫНШЫ. ЖАСАМПАЗДЫҚ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ. Біздің басты мақсатымыз – Отанымызды өркендету, мемлекетімізді дамыту. Озық білім мен қажырлы еңбек қана елді табысқа жеткізеді. Бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір ғылым экономиканы жедел алға жетелейтін алып индустрияға айналды. Қазақстан жаһандық экономикадағы үрдістерден сай болуға тиіс. Бізге де осы ғылыми-технологиялық жаңашылдықты әкеліп, өндіріске қосатын жаңа әрі білікті мамандар керек. Біз оларға қажет жағдайдың барлығын жасаймыз. Себебі, адам капиталы ең құнды байлығымыз. Мұны уақыт және тәжірибе дәлелдеді. Осылайша, Қазақстанның инновацияның, жаңа технологияның, тың идеялардың, ауқымды капиталдың орталығы болуға зор мүмкіндігі бар.

ЖЕТІНШІ. ДОСТЫҚ ПЕЙІЛ, МЕЙІРІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТТЕР. Қазақта «Сыйлассаң – сыйлы боларсың» деген сөз бар. Ағайынның татулығы мен жанашырлығы – ел бірлігінің түп қазығы. Елдің тұтастығы қарапайым адамдардың өзара түсіністігінен басталады. Халқымыз бәрін де ақыл-парасатпен шешкен. Бұл дәстүрді ұмытпауымыз керек. Аға буын осы игі дәстүрді насихаттауы қажет. Жалпы, ортақ жетістіктер ұлттың мерейін өсіреді. Біз бір-бірімізге қашанда тілектес болуымыз қажет. Талапты, дарынды азаматтарды қолдай білуіміз керек. Әр отандасымыздың табысына қуанып, қиындықтарды бірге еңсеруге тиіспіз. Халқымыз «Ұйымдасқан ұтады» деп бекер айтпаған. Бірлігімізді бекемдей білсек, елдігімізді сақтап қаламыз. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құрамыз.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған