• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРДАГЕРЛЕР МЕН ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

01.10.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРДАГЕРЛЕР МЕН ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістанда Халықаралық қарттар күні мерекесі аталып өтті. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір ақсақалдары мен ардақты әжелерін құттықтап, құрмет көрсетті.
– Баршаңызды 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025

Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Түркістан тұрғындарымен кездесуде шаһарға қолдау жалғасатынын айтты. Бұл ретте өңірді дамытуда сіздердің де еңбектеріңіз мол. Облыста 179 мыңнан астам ардагеріміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени-рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай жасалуда. Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға – амандық, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін! – деді Д.Сатыбалды.

Мерекелік іс-шараға аудан, қалалардан облысқа еңбегі сіңген еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері шақырылып, құрметке бөленді. Олардың бірқатарына алғыс хаттар тапсырылды. Өңір басшысы аға буынмен пікірлесіп, ұсыныстары мен ойларын тыңдады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев та ардагерлерді құттықтады.

Осы күні Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Ғимараттың жалпы алаңы – 728 шаршы метр. 2022 жылға Түркістан қаласының бюджетінен орталықты ұстау және қызметтерді көрсетуге тиісті қаржы бөлініп, 19 штаттық бірлік құрылды. Орталықта күнделікті 70 зейнеткерге тиісті қызмет көрсетіледі. Бір жылда 2500 ардагер тынығады. Жалпы облыста «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының саны 10-ға жетіп отыр.
Түркістан облысында 2022 жылғы 1 қазандағы жағдаймен 179 633 мың зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлер тұрады. Оның 20-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 4,8 мыңнан астамы – тыл еңбеккерлері. Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде, облыстық және жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді. Жалпы өңір ардагерлеріне ай сайын 15,8 млрд. теңге көлемінде зейнетақы төлемі жүргізіледі. Егде жастағыларды сауықтыру мақсатында жыл сайын облыстық бюджет есебінен «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйлерінде жыл сайын 8 мыңға жуық қария денсаулығын түзеп келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған