• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 13 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАН СЕРІГІМ – ШЫНАЙЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ

20.09.2022
in Басты ақпарат
ЖАН СЕРІГІМ – ШЫНАЙЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ

Елбасының 2012 жылдың 28 тамызындағы Жарлығымен 30 қыркүйек елімізде ресми түрде әділет органдары қызметкерлері күні болып белгіленгені белгілі.
Бұл мереке конституциялық мемлекеттің бірлігін қамтамасыз етіп жүрген әділет қызметкерлерінің басын біріктіретін айтулы күн десем, артық болмас. Қазақстанның әділет саласының қалыптасуы мен даму тарихы 90 жылдан асады. Бүгінде елімізде халықаралық стандарттардың талаптарына сай заңды негіз қаланып, әділет органдарының құзыры кеңейтілді, жаңа міндеттер қойылды, ашық рәсімдер негізінде әділет қызметкерлерінің кәсіби корпусы жасақталуда.
Әділет органдарының негізгі даму мақсаты халықтың құқықтық институттар мен құқықтық көмекке деген қажеттігін қамтамасыз ету және заңгерлердің жаңа толқынын қалыптастыру болып табылады. Құқықтық жүйенің жетілдірілуі халыққа көрсетілетін нотариалдық және басқа құқықтық қызметтердің заман талабына сай жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңгерлік – ежелден бері ең беделді, әрі күрделілігі мен жауаптылығы да жоғары мамандық. Өз тарихында әділет органдары әрқашан азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру және қорғау, әділдік қағидаттарын бекіту, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттілікті нығайту және дамытуға белсенді түрде ықпал етіп келеді.
Өзім осы мамандық иесі болғанымды мақтан тұтамын. Әділет органында 2001 жылдың маусым айынан бастап Арал ауданаралық АХАЖ бастығы қызметінен жұмысқа кірістім. 2005 жылы тарихта болмаған жаңа қызметке – Арал аудандық әділет басқармасының бастығы болып тағайындалдым.
Аудандарда бұрын әділет басқармалары болмаған. АХАЖ қызметіне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, нормативті құқықты актілерді тіркеу, құжаттандыру саласы (жеке басын күәландыратын құжат, төл құжат, азаматтардың мекен жайын тіркеу),зият қызметі( авторлық құқығын қорғау) қосылып, жұмыстың қызуы басталды.
2007 жылы әділет органның базасында ХҚК (ЦОН) орталығы ашылды. Орталықтың қызметкерлері тәжірибеден бізде өтіп жүрді. Тынымсыз тіршілік басталды. Сол кезде әділет басқармасына жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу құқығы берілді. Жылжымайтын мүлікке құқықты міндетті тіркеу Заңы жұмыс жасай бастады. Бүкіл елімізде ЖСН – жеке сәйкестендіру номерін енгізу басталды. Біздің аудан тұрғындарды жаппай ЖСН-мен облыста бірінші болып аяқтағаны жөнінде ақпарат бердік.
Өте жылдам, бірлесе жұмыс жасаудың үлгісін көрсеттік. Өзім басқарған 22 жылда бірде-бір рет сыбайлас жемқорлық мәселесі, қызметкерлерге, өзіме шағымдану оқиғасы болмағанына тәубе деймін. Мемлекеттік органның басшысы ретіндегі менің басты мақсатым – жұмысшыларға жұмыс жасаулары үшін қолайлы жағдай жасау, функционалдық қызметтері мен міндеттерін дұрыс бөліп беру, әділет департаментінен түскен тапсырмаларды дер кезінде орындау.
Департамент басшылары біздің озық үлгідегі жұмысымызды үнемі басқаларға үлгі етіп таратып отырды. Мұның өзі біздің жұмысымызға деген адалдығымыз бен құлшынысымызды арттырып отырды. Себебі, сол кезде біздің басқарма мамандары ауызбіршілік пен шынайылықты, адалдықты жанына серік етті.
Жерлесіміз Тимур Рустемов республикалық авторлық құқықты қорғау бойынша өткен конкурста «Контрафактке жол жоқ!»билбордының ең озық эскизін жасап, бірінші орын үшін ноутбукты сыйға алғаны біз үшін мақтаныш болды. Сыйлық ҚР Әділет министрлігінде табысталған болатын. Ал, бір жерлесіміз осы тақырыпқа арналып жазылған өлең жолдары үшін көтермелеу сыйлығына ие болды. Мұның барлығы біздің халық арасында тынбай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіміздің жемісі деп білемін.
Адал еңбек оңай жолмен келмейді. Қиыншылықтар мені мойытпады, қайта шыңдай түсті.
Еңбегім елеусіз қалған жоқ. Еңбектегі жетістіктерім үшін екі рет Президенттің медалін және «1 дәрежелі заңгер» төс белгісін кеудеме тақтым. Әділет министрінің, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталдым. Сонымен бірге Арал ауданы әкімі мен Арал ауданы мәслихаты хатшысы атынан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесім үшін берілген Құрмет грамотасы мені тынбай еңбек етуге міндеттейді.
Еліміздің кез келген азаматы Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын білуі тиіс, тіпті, міндеті болып саналады. Ал, ол үшін өскелең ұрпаққа заңдарды білуді, құрметтеуді мектеп табалдырығынан бастап сіңіре білген жөн. Заңды білсең, құқығыңды қорғай аласың. Заңды білсең, өзгенің құқығын таптамайсың.
Әділет органдары ең алдымен мемлекеттік қызметті іске асырады, сонымен бірге ұсынылатын мемлекеттік қызметтер адам өмірінің маңызды аспектілерін қозғайтындықтан, әлеуметтік маңызды қызметтерге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, авторлық құқықты қорғау және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 466-бабына сәйкес іс қозғайды.
Яғни, қайта тіркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерінің өзгергені туралы мәліметтер бір ай мерзімі бұзылып, құжаттарды тапсырғаны үшін. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын бұзу жатқызылады.
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген құқықтық көмек және заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихат пен басқа да міндеттерді қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінде әділет басқармасының алдында қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша жұмыстарды белсенді жүргізу, жеке және заңды тұлғалар үшін әділет органдарының жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне ерекше назар аудару міндеттері тұрғанын атап өту қажет.
Ендеше, бәрімізге ортақ Әділет органдарының 30 жылдығы мерекесімен барлық әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның көк туы астында еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау болып, тәуелсіз еліміз өркендей берсін демекпін!
Зинеш АЙТЖАНОВА,
Қызылорда облысы,
Арал ауданаралық
әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025
Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

13.05.2025
Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025
Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

Кибералаяқтық бақылауда: полиция форумы 1000-нан астам адамды жинады

13.05.2025
Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған