• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 9 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ЫСТЫҚТАН ҚОРҒАНУ

26.07.2022
in Аймақ, Денсаулық
ЫСТЫҚТАН ҚОРҒАНУ

Синоптиктер алдын-ала болжағандай, шілде айының үшінші онкүндігінде ауа температурасы 42-46 градус шамасында болды. Иран, Ауғанстан жақтан жылжыған ыстық ауа массалары біздің елдің аумағы арқылы өтті. Әсіресе, еліміздің оңтүстік өңірінде аптап ыстық орын алды. Облысымыздың солтүстік-батысы мен шөлді аудандарында ауа температурасы 45 градустан да жоғары болды.

Оқи отырыңыз...

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА “КҮЗГІ КРОСС” ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА “КҮЗГІ КРОСС” ӨТТІ

24.10.2025
АРҒЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

АРҒЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

25.09.2025
В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

В АБАЙСКОМ РАЙОНЕ АКТИВНО РАЗВИВАЮТСЯ БЛАГОУСТРОЙСТВО И ОЗЕЛЕНЕНИЕ

19.09.2025

Өткен аптаның ортасында басталған антициклон әлі де сақталып тұр. «Казгидромет» орталығының синоптиктері мұндай ыстық шілде айының соңына дейін жалғасады деп болжауда. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен аптада 49 адам инсульт алып, ауруханаға түскен. Оның ішінде 32 адам ми инфарктісін алса, 17 адам жүрек талмасы бойынша дәрігерге жүгінген.

Көпшілік ыстықтан қорғанудың жолы ретінде таудағы демалыс орындарына барып, суға шомылғанды құп көретіні жасырын емес. Алайда, суға шомылудың да қауіпті екенін ескерткеніміз жөн. Әсіресе, соңғы төрт-бес күнде рұқсат етілмеген аумақтарда шомылу фактілері көп тіркелген. Шомылу маусымы басталғалы бері облыс аумағында 11 адам суға кетіп қайтыс болған. Ең өкініштісі, олардың жетеуі әлі кәмелет жасқа толмаған бүлдіршіндер екен. Былтыр жыл ішінде облыс аумағында дәл осындай бірнеше қайғылы жағдай тіркеліп, 29 адам ажал құшыпты. Оның 21-і кәмелетке толмаған балалар. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын сақтамаған, рұқсат етілмеген жерге шомылған 184 азаматқа айыппұл салған.

Дәрігерлер ыстықтан қорғанудың суға шомылудан да басқа жолдары барын айтады. Аптап ыстық егде жастағы азаматтар мен балалар үшін өте қауіпті. Әсіресе, жүрек талмасымен ауыратын адамдарға сақтық шараларын күшейткен абзал дейді мамандар.

– Ыстық ауа райында тікелей күн сәулесінің астында 15-20 минуттан артық жүрмеу керек. Ауасы тар бөлмеде отыру да қауіпті арттырады. Ыстық ауа райында желдетілмейтін немесе салқындамайтын бөлмеде немесе жылу шығаратын жабдықтары бар өндірістік бөлмеде отырмаған жөн.

Ыстық өту қаупі дене температурасы 40 градустан жоғары көтерілген жағдайда пайда болады. Мұндай температурада мидың, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысында күрделі өзгерістер басталады, өмірлік маңызды функциялар айтарлықтай нашарлайды. Уақтылы көмек көрсетілмесе, жағдайдың қиындап кетуі бек мүмкін. Көптеген адамдарда әртүрлі созылмалы аурулар, иммунитеттің төмендеуі, артық салмақ, кәрілік салдарынан терморегуляция механизмі толығымен әлсірейді. Әлсіз терморегуляция жас балаларда да кездеседі. Сондықтан температураның көтерілуіне өте сақтықпен қарау керек.

Тығыз және синтетикалық киім денеге ауа өткізбейді, соның салдарынан дене қызады, – дейді облыстық клиникалық ауруханасы инсульт орталығының дәрігер-невропатологы Айгүл Аршыбекова.

Сонымен қатар мамандар ыстықтан сақтану үшін төмендегідей кеңестер айтады:

– Жеңіл киініңіз. Табиғи талшықтардан жасалған, ашық түсті, ауа өткізетін киімдерді таңдаңыз;

– Бас киімсіз және көзілдіріксіз көшеге шықпаңыз. Теріңізді күннен қорғайтын креммен «достасыңыз»;

– Теріге майлы кремдер мен шамадан тыс косметика жағудан аулақ болыңыз;

– Мүмкіндігінше газсыз су ішіңіз, оған лимон немесе жалбыз қосуға болады. Көк шай, компоттар да ыстықта шөл басуға болатын сусындар. Кофе мен алкогольден аулақ болыңыз;

– Ас қорыту үшін жеңіл тамақ ішіңіз. Жаңа піскен жемістер, балмұздақ және түрлі көкөністер – жаз маусымы үшін өте қолайлы тағам.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

08.11.2025
Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

08.11.2025
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

08.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған