Өткен тәулікте облыс аумағында коронавирус инфекция 6 адамнан анықталған. Ауданымызға келетін болсақ жыл басынан бері жұқпалы инфекция 134 адамнан анықталса, соңғы айда 13 тұрғыннан анықталып отыр. Оның 12- симптомсыз, 1-симптомды. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аудан бойынша қажетті дәрі-дәрмек қоры 2-3 айға жеткілікті. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлының төрағалығымен өткен жиында аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Тельман Әлиұлы баяндады.
Бас дәрігер орынбасарының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда індетті алдын алуға бағытталған ревакцинация жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізетін мекеме қызметкерлеріне екпенің 4-ші дозасы(этапы) салынып жатқаның жеткізді.
Бұдан бөлек лездемелік жиында жаңа оқу жылына дайындық пен құрылыс саласындағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы әр саладағы өзекті мәселелерге тоқталып, Заң аясында шешу мақсатында жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Аптап ыстыққа байланысты өрт қауіпі жоғары екендігін ескертіп, ауыл әкімдері мен тиісті мекеме басшысына тәулігіне 24 сағат өрт қауіпсіздігін бақылауда ұстауды тапсырды.
Барлық өңірлерде оның ішінде ауданымызда орын алып жатқан ауыз су тапшылығын реттеу бойынша тиісті тапсырмалар беріп, тазалық мәселесі де назардан тыс қалмауы керектігін атап өтті.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі