Көп жылдан бері Жаскешу ауылдық округіне қарасты Рысқұл ауылының өзекті мәселесінің бірі ауылда апатты фельдшерлік- акушерлік тірегінің орнына жаңа ғимарат соғу болатын. Аталмыш мәселе биыл толығымен шешімін табады.
Яғни, облыстық бюджеттен нысанның құрылысын жүргізуге 140 млн. теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Осы және басқа да жағымды жаңалықтармен бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт жаскешуліктермен кезекті есептік кездесуінде бөлісті.
Сондай-ақ, аудан басшысы өткен есептік кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысын қамтып өтті.
Атап айтсақ:
Ағымдағы жылы Жаскешу ауылы, Оңалбеков көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жаскешу ауылы, Қ.Тәжібаев көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату және «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаскешу ауылының Бесата және Мир көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өткен есептік жиында тұрғындар тарапынан көше жарығы, жер асты су құбырларының тоғысқан тұсындағы шұңқыр қақпақтарын(люк) ауыстыру, жол бойындағы ағын су өткелін реттеу және жер телімінің құжаттарын заңдастыру сынды мәслелер көтеріліп, аудан әкімі және жауапты мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.
Ауыл ақсақалдары атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, аудан әкімі мен қызметкрлеріне ақ баталарын беріп, көтерінкі көңіл-күйде тарқасты.