• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 27 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облысында 18,9 мың гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтарды

08.08.2022
in Басты ақпарат
«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облысында 18,9 мың гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Солтүстік Қазақстан облысында 18,9 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысында белгілі болды. Ауыл тұрғындары енді бұл жер учаскелерін мал жаю және шөп шабу үшін пайдаланады.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

26.09.2025
Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

26.09.2025

В Шымкенте прошел традиционный Единый день отчета

26.09.2025

☑Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында мемлекет меншігіне 11 мың га, Қызылжар ауданында 4,2 мың га, Жамбыл ауданында 2,5 мың га, Ғ.Мүсірепов ауданында 800 га және Мамлют ауданында 400 га жер қайтарылды.

Бұған қоса, Айыртау, Тайынша, М.Жұмабаев аудандарында мал жаю үшін 29 мың га жайылым жерді халыққа өтеусіз беру жөнінде ауыл шаруашылығы құрылымдарымен меморандум жасалды.

Мамлют ауданы Белое ауылының тұрғындарымен әңгімелесу кезінде комиссия мүшелері өңірде ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

🔹«Солтүстік Қазақстан облысындағы негізгі мәселе – пайға берілген жер болып отыр. Картадағы талдау жұмыстары жер мәселесіндегі айла-шарғыдан аман қалған бірде-бір аудан жоқ екенін көрсетеді. Соның кесірінен кейбір пай иелері мәселені шешу мүмкін емес деп ойлап, қалаға көшіп кетті. Көбісі сот процесінде ұтылып, бізге жүгінеді. Басқалары ЖШС тарапынан қысым көреді. Комиссияның бүгінгі міндеті – жерді бір ЖШС-ден алып, екіншісіне беру емес. Біздің міндетіміз – жер қатынастары саласындағы заң үстемдігі мен әділдікті қалпына келтіру. Біз түрлі процестерге ықпал етіп, заңға көптеген түзетулер енгізе аламыз», – деп атап өтті «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, заңгер Бақытжан Базарбек.

Өз кезегінде, комиссия мүшесі, блогер Ғалым Байтоқ ауыл тұрғындарының басым көпшілігі шаруаларды жерсіз қалдырған ірі корпорацияларға шағым түсіретініне назар аударды. Қазір бұл мәселелер сотта қаралып жатыр.

🔹«Елді мекендерде рақымшылық жасалуы керек деп санаймын. Мемлекет істі аяқсыз қалдырғаны үшін тұрғындар кінәлі емес. Мүмкін, шенеуніктердің қандай да бір мақсаты болған шығар. Мемлекеттік органдар басшыларына қандай ескертулер айтылғанын естідіңіздер. Тіпті, оларды қызметтен босату жөнінде де мәселе көтерілді. Комиссия мүшелері ретінде, біздің міндетіміз мониторинг жүргізу, қадағалау және тұрғындармен әрдайым байланыста болу», – деп атап өтті ол.

Комиссия мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов қолданыстағы шаруа қожалықтарының тиімсіздігіне назар аударды.

🔹«Мысалы, адамдардың бір бөлігі қалада тұрады. Жалған құжат жасау, жиналыс өткізбеу арқылы жерді бір компаниядан екінші компанияға беріп жіберген шаруашылықтар бар. Сот ісі болады. Шын мәнінде, жер әубастан-ақ игеру, пайдалану үшін алынбағаны түсінікті. Құжаттардағы шатасулар ақыр-соңында жердің құнарын кетіріп, сапасын төмендетіп тынады. Бұл айналыспаса болмайтын аса маңызды мәселе», – деді ол.

Сол күні партияның Петропавлдағы облыстық филиалында «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері азаматтарды қабылдады. Өтініш білдіргендердің басым көпшілігі – жерінен айырылып қалған адамдар. Олардың арасында Айыртау, Ақжар, Жамбыл және Шал ақын аудандарының тұрғындары болды. Жер мәселесімен комиссияға өңірдің 60-тан астам тұрғыны жүгінді. Барлық мәселе партиялық бақылауға алынды.

Айта кетейік, кейінгі бірнеше айда комиссия мүшелері Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарында болды. Жалпы, «Жер аманаты» комиссиясының көмегімен 285 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

https://t.me/AMANATPartiyasy

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

АЭРОПОРТ ШЫМКЕНТА ПОЛУЧИЛ RA3-СЕРТИФИКАТ

27.09.2025
ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ RA3 СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

27.09.2025
«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

«ДАНАЛЫҚ КӨПІРІ» ЖАСТАР МЕН ҚОҒАМДЫ ТОҒЫСТЫРДЫ

27.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған