• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 6 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРТЫНДЫЛАДЫ

03.08.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 6 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Қозыбаев 2022 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баспасөз брифингін берді.
«Департамент 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 31 тексеру тексеру жүргізген. Тексерулер нәтижесінде жалпы 139 әкімшілік іс қозғалып,
жалпы сомасы 41 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 37 млн теңгеге өскен.
Департамент тарапынан қала, аудан прокуратурасымен, аудандық полиция басқармаларымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде жалпы 100 әкімшілік істер қозғалып 14 млн теңгеден астам айыппұл салынған»,- деді Ермахан Тастанбекұлы.
Спикердің сөзінше, қала прокуратурасымен Шымкент қаласындағы бірқатар сауда базарларының экологиялық заңнама талаптарының сақталуына тексеріс жүргізіліп, 9 базарға қатысты 21 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы көлемі 1,6 млн теңге айыппұл салынып, толығымен мемлекет пайдасына өндірілген. Жалпы айтқанда, мүлдем рұқсатсыз жұмыс істеген 5 кәсіпорын — қорғасын қалдықтарын өңдеу зауыты, асфальт зауыты, ішек-қарын өңдеу цехы, сабын өндіру цехы және металл өңдеу және құю зауыттарының қызметі тоқтаған.
Сондай-ақ рұқсаттарында қарастырылмаған қосымша ластау көздері жұмыс істеген 2 метал өңдеу және құю зауыттары және асфальт өндіру зауыты, тас майдалау цехы тоқтатылды. Ғарыштық мониторинг арқылы бей-берекет қоқыс үйінділерінің 45 координаттық нүктелері анықталып, аудан әкімдіктері тарапынан толық тазаланды. Күшіне енген жаңа Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес 2021 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін табиғат пайдаланушылардың санатын қайта өзгерту бойынша электронды түрде жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күнге, 737 объектінің санаты айқындалды, оның ішінде 1 санатқа – 30, 2 санатқа — 88, 3 санатқа – 361, 4 санатқа 259 объект жатқызылды.
Айта кету керек, департамент бастамасымен 2022 жылдың 1 жартыжылдығында бірқатар мәселелер бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілген. Оның ішінде, мемлекеттік органдардың сарқынды сулардың жер бедеріне төгіліп жатқаны жөнінде хабарламасы нәтижесінде «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, қазіргі таңда, ЖШС тарапынан зауыт аумағынан сарқынды сулар жер бедеріне төгілуіне жол бермеу мақсатында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Бадам -2 тұрғындарының ішек-қарынды шаю барысында түзілген сарқынды сулардың жер бедеріне төгілуін тоқтату жөнінде арызы негізінде тексеру жүргізіліп, кәсіпкер тарапынан сарқынды сулар үшін септиктер орнатылып, келісім-шарт негізінде арнайы мекеме арқылы әкетілуде.
Рұқсатсыз жұмыс істеген немесе рұқсатында көрсетілмеген қосымша ластау көздері бар, жалпы 9 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған