• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 27 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНДА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 95%-ҒА ЖЕТЕДІ

28.07.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНДА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ҮЛЕСІ 95%-ҒА ЖЕТЕДІ

Бүгін Өңірлік ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Ә. Әбдіраханов цифрландыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту саласында атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспардың орындалу барысымен бөлісті.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістанда бақылау-қадағалау органдары бизнес өкілдерімен кездесті

26.09.2025
Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Түркістан кәсіпкерлері Қытаймен ірі ынтымақтастық алаңында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

26.09.2025

В Шымкенте прошел традиционный Единый день отчета

26.09.2025

«Ағымдағы жылы, мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 12 елді мекеннің координатасы келісіліп, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылып, инвесторға ұсынылды. Бүгінде инвестор тарапынан Ақниет, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20-жыл, Азат, Тұран, Асар елді мекендерінен анықталған жер телімдерін қазу, бетон құю және антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары атқарылуда. Ал, жеке нысан иелерімен келісу арқылы Елтай, Тоғыс, Маятас және Бозарық елді мекендеріне базалық станция орнатылып іске қосылды. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылса, 71 000 жуық қала тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамтылып, жыл соңында сапалы интернетпен қамту үлесі 95%-ға жетеді деп жоспарлануда»,-деді спикер.

Одан бөлек, Қазақтелеком АҚ-ның бағынысты мекемесі «Востоктелеком» ЖШС мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қосымша 20 елді мекенге базалық станция орнату жоспарланып, онда жаңа технологиямен антенна-мачталық құрылғылар орнатылатын болады.

Бүгінде 20 елді мекеннен бос жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жоспарға енгізілді. Бүгінде, инвестор тарапынан Самал-3, Забадам, Қазығұрт, Құрсай, Қарабастау, және Солтүстік – Батыс елді мекендерін толық талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, инвестор тарапынан Қызылжар мен Ақниет елді мекендерін оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстар атқарылса жыл соңына дейін 165 303 қала тұрғындарына сапалы интернет қолжетімді болады.

Брифинг барысында Ә. Әбдіраханов, қала орталығындағы көшелерді оптика желісімен қамтамасыз ету жұмыстары мен қаланы бейнебақылау камераларымен қамту жұмыстары туралы да айтып өтті. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып 12 000 тұрғын үйге оптика желісіне мүмкіндік жасалынып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы 1000 бейнебақылау камералары орнатылатын айтты.

Сонымен қатар IT саласында адами капиталды дамыту бағыты бойынша Шымкент қаласында 2 заманауи IT бағдарламалау мектептері ашылып, тұрақты түрде жұмыс жасауда. Олар «SIFRO» және «ROBOPARK» бағдарламалау мектептері. Қазіргі таңда, бағдарламалау мектептерінде қала тұрғындары Web сайттарды әзірлеу, IOS және Android платформаларында бағдарлама әзірлеу сынды бағыттарда білім алуда.

Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындарды өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы қала орталығындағы көшелерге 22 дана ақылды тақталар инвестор есебінен орнату жоспарланды. Қазіргі уақытта ақылды тақталар орнатылатын жерлер анықталды. Келісім-шарт заң талаптарына сәйкес әзірленіп, қол қою сатысында.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  Сот отырысы хатшысының рөлі

26.09.2025
Медиация мақсаты – бітімгершілік

Медиация мақсаты – бітімгершілік

26.09.2025
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

26.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған