• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 22 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР АЗИЯ КУБОГІНЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

13.07.2022
in Спорт
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР АЗИЯ КУБОГІНЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Жуырда еліміздің ең талантты деген спортшы ұл-қыздары Көкшетау қаласында өткен тоғызқұмалақтан Азия кубогіне қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының жеңімпаз саңлақтары тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз...

ТАРИХ ҚАЙТАЛАНДЫ: БҰЛ ЖОЛЫ – АЛТЫН ЖҮЛДЕМЕН!

ТАРИХ ҚАЙТАЛАНДЫ: БҰЛ ЖОЛЫ – АЛТЫН ЖҮЛДЕМЕН!

19.10.2025
ҚАЖЫМҰҚАН АТЫНДАҒЫ СТАДИОН ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

ҚАЖЫМҰҚАН АТЫНДАҒЫ СТАДИОН ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

01.10.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Встреча акима Шымкента с чемпионами мира и Азии

23.09.2025

Сары құрлық елдерінің спортшылары бас қосқан бұл Кубокте ересектер және жастар құрамасы күш сынасты. Елімізге танымал түркістандық спортшы қыз Әсел Далиева ересектер арасында рапид сайысы бойынша өзінің теңдессіз шеберлігін көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Орта Азия елдері арасында үздік спортшы саналатын жерлесіміз Әсел алтын медаль иеленді. Бұдан басқа дарынды қыз классика сайысы бойынша күміс жүлдегер, ал блиц жарысында қола жүлдегер атанды.

Әсел ұлттық ойынды бала күнінде ойнай бастаған. Ол 12 жасында спорт шебері, 16 жасында халықаралық деңгейдегі көрсеткіштердің барлығын орындаған ең жас спортшы атанды. 2013 жылы әлем чемпионы Азияда ойындарының алауын тұтату құрметіне ие болды.

Тоғызқұмалақ ойынының тарихының тамыры терең. Бұл ойын 4 мың жыл бұрын пайда болған. Алайда аталған ойын Қазақстан және Қырғызстан халқының арасында кең тараған. Қазіргі уақытта Әселдің арманы – тоғызқұмалақ ойынының кең танылуына үлес қосып, зияткерлік мектеп ашу. «Тоғызқұмалақтың шахмат ойынына ұқсастығы бар. Бұл тек бергі жағы. Бізде көрсеткіш те, сағаттар да бар. Алайда, іс жүзінде, екеуі –мүлдем өзге ойындар. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Тоғызқұмалақты хакім Абай да жақсы көрген. Ол өзінің тақтасын мұраға қалдырды. Менің ойымша, балаларымыз тоғызқұмалақ ойынын жан-тәнімен ойнау үшін, оны ұлттық брендке айналдыруға болады», – дейді Әсел.

Көкшетаудың тамаша баурайында тоғызқұмалақтан аяқталған бұл жарысқа тағы бір жерлесіміз Каримова Лина қатысып, рапид сайысы бойынша қола жүлдегер атанды. Ал жаста болса жеңіске деген құштарлығы басым Түркістан облысының өкілі Аружан Салман 19 жасқа дейінгі жастар арасында рапид түрінен күміс жүлдені иеленіп, туған елге олжалы оралды. Бұл жеңімпаз саңлақтар білікті басшы Ғани Ахметбаев жетекшілік ететін Түркістан облысының ұлттық спорт мектебінің талантты шәкірттері.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

22.10.2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРШІЛІК РӨЛІ: ЕРЕВАН МЕН БАКУДІҢ ЖАҚЫНДАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРШІЛІК РӨЛІ: ЕРЕВАН МЕН БАКУДІҢ ЖАҚЫНДАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

22.10.2025
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

22.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған