• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«AMANAT»: ТҮРКІСТАНДЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

01.06.2022
in Басты ақпарат
«AMANAT»: ТҮРКІСТАНДЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Саяси дамудың келесі кезеңіне өтуге санаулы күндер қалды. Түркістан облысы тұрғындарына насихат жұмыстарын жүргізу үшін «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штаб мүшелерінің жұмысы жалғасуда. Кездесулердің мақсаты айқын. Ол — конституциялық түзетулер жобасын жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

Қуаныш Айтаханов және Дархан Мыңбай рухани шаһарда өткен басқосуларда саяси жүйені трансформациялау жайы талқылады. Сауран, Шауғар және Бірлік секторларының тұрғындарымен, аурухана қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және жастармен өткен кездесулерге қатысқан штаб мүшелері өзгерістерден соң мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас оңтайланатынына кеңірек тоқталды. Жиындарға аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаттары Б.Шойбеков, И.Намазбаева да қатысты. Штаб мүшелері жаңа реформалар туралы әңгіме өрбітті.

Жаңадан құрылған Сауран ауданының тұрғындары да референдумды қолдайды. Олар маусымның 5-інде өтетін саяси науқан елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ала келетініне сенеді. Ата заңға енетін өзгертулер осының айғағы. Бұл туралы Құдайберген Ержанның Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Оранғай ауылының тұрғындары, шаруа қожалықтарының ұжымы және дәрігерлермен кездесуге Түркістан облыстық мәслихат депутаттары К.Әуен және Н.Атаева қатысып, жиналғандарды референдумды қолдауға шақырды.

Қайнар Абасов Созақ ауданында болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Ең алдымен Таукент және Созақ ауылының жергілікті тұрғындарымен кездесті. Басқосу кезінде депутат жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, тұрғындарға дауыс берудің ережелері мен шарттарын жан-жақты түсіндірді. Жиынға Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Қ.Жантөреева және М.Тұрысбеков үгіт жұмыстарын жүргізді. Сапары аясында білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, «Uko-S-Star» метал құрастыру мекеме ұжымымен кездесті. Сала қызметкерлері кездесу барысында өздерін толғандыратын сұрақтарды алға тартып, Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жекелеген баптары бойынша ортақ пікірлерін айтты.

Сырым Ертаев Жетісай ауданының жергілікті тұрғындары, диқандары, білім саласының өкілдері мен жастары қамтылған кездесулерде референдумды әңгімеге арқау етті. Жиындарға Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Т.Қаржауов жәге Т.Қырықбаев қатысып, жұртшылыққа ақпараттық түсіндірмелер жүргізді. Сондай-ақ штаб мүшелері “Асыл қазына және тең қоғам” әлеуметтік орталығының жұмысымен де танысып, ұжымымен, қариялармен әңгімелесті.

Жалпы партия жанындағы республикалық штаб мүшелерінің Түркістан өңіріне жұмыс сапары 3 маусымға дейін жалғасады. Жергілікті тұрғындардың билік өкілдерімен бетпе-бет жүздесуіне, пікірлесуіне және ұсыныстарын білдіруге айтарлықтай мүмкіндік туып отыр.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған