• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 24 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ҰРПАҚТАР ЖАДЫНАН МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ

31.05.2022
in Басты ақпарат
ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ҰРПАҚТАР ЖАДЫНАН МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ

Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 1937-38 жылдардағы репрессиядан опат болған тұлғаларды еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған жазықсыз қудаланған жандардың ұрпақтары, жастар қатысты.
Жиынды кіріспе сөзбен ашқан тарихшы Г.Жанысбекова жиналған көпшілікке «Оңтүстіктегі жаппай қуғын-сүргін: тауқыметті тағдырлар» атты ғылыми мақалалар жинағын таныстырып болған соң, саяси қуғын-сүргін көрген азаматтардың ұрпақтарына таратылып берілді.
Тарихшы өз сөзінде 2020 жылы репрессия құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия түзілгенін және осыған орай арнайы жұмысшы тобы құрылып, нәтижелі жұмыстар атқарғанын жеткізді. Жинаққа жұмысшы тобының 9 бағыт бойынша жүргізген зерттеу еңбектері енген. Ғылыми-танымдық оқулықтың 20 данасы Әл-Фараби кітапханасына да ұсынылды. Тарихшының айтуынша, мұндай ғылыми жинақтар алдағы уақытта тың деректермен қайта жарық көрмек. Сонымен бірге баяндамашы саяси қуғын-сүргін тақырыбында ауқымды конференция өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Бұдан бөлек, іс-шарада қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы 1937-38 жылдардағы зобалаңда ату жазасына іліккен Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығына орай «Нәзірдің жарық жұлдызы» атты деректі бейнефильм көрсетілді.
Сондай-ақ, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Г.Серікбаева арнайы баяндама жасап, музейдің атқарып отырған жұмыстары, іс-шараға келген барша азаматтарға, соның ішінде репрессия құрбаны болғандардың бүгінгі ұрпақтарына ата-бабаларының кезінде қандай айтулы кісілер болғаны жөнінде айтып берді.
– Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі осыдан жиырма жыл бұрын ашылды. Осы бағыттағы музейдің іргесі республика көлемінде тұңғыш рет Шымкентте қаланды. Бүгінгі таңда музейде 16 350 қор бар. Яғни саяси қуғын-сүргінге ұшыраған осынша кісінің іс-құжаты жинақталған. 1937-38 жылдары Оңтүстік өлкесінде 7,5 мың адам репрессия құрбанына айналса, соның 2050-нің аты-жөні белгілі. Албастысайда атылғандар арасында солардың сүйегі жатыр деп нақты айта аламыз. Бүгінгі таңда қосымша 530 азаматтың деректерін зерттеу үстіндеміз. Репрессия жылдарында Шаянда мешіт салдырған, медресе соққан Әппақ Ишан әулеті қудалауға түсіп, көп қасіретке ұшыраған. Сонымен бірге Кенбаевтар әулеті де репрессияның ауыр зардабын тартқан. Сол зұлматта бір үйдің 7 бірдей баласы атылған, — деді Г.Серікбаева.
«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың 12 айы   жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

2025 жылдың 12 айы  жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

23.01.2026
ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

23.01.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ДАВОС ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ДАВОС ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

22.01.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

2025 жылдың 12 айы   жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

2025 жылдың 12 айы  жол-көлік оқиғалары (жол апаттары) бойынша

23.01.2026
ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

23.01.2026
46 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

В Шымкенте 46 семей получили ключи от новых квартир

22.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған