• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік рәміздер» шығармашылық байқауы

05.05.2022
in Басты ақпарат
«Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік рәміздер» шығармашылық байқауы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік рәміздер» атты облыстық шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ
Аталған Ереже ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздік нышаны — мемлекеттік рәміздер» атты облыстық шығармашылық байқауын ұйымдастыру, өткізу және қорытындысын шығару қағидаттарын белгілейді (бұдан әрі — Байқау).
1. Байқауды ұйымдастырушы: Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

2. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімдері
2.1. Байқаудың мақсаты: Мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі – рәміздердің маңыздылығын халық арасында насихаттау. Рәміздердің мәні мен мағынасын және олардың қолданылуын, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2.2. Байқаудың міндеттері:
2.2.1. БАҚ арқылы мемлекеттік рәміздердің тарихын, оның қадір-қасиетін насихаттап, ел арасында мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге шығармашылық тұрғыдан ықпал ету

2.3. Байқау номинациялары
1 номинация: «Рәміздер – мемлекет дамуының ажырамас бөлігі» тақырыбында мақала жазу
2 номинация: «Тәуелсіздік символы — рәміздер» тақырыбында бейнеролик;
3 номинация: «Ел егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны» тақырыбында фоторепортаж;

2.4. Жұмыстарды қабылдау 2022 жылғы 3 мамырдан 2022 жылғы 17 мамырға дейін жүргізіледі. Байқауға қатысу тегін.
Байқауға қатысқан материалдарды қазылар алқасы 2022 жылғы 17 мамырдан 25 мамырға дейін қарап, байқау қорытындысы 2022 жылдың 1 маусымға дейін өткізіледі. Байқау қорытындысы Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында қорытынды шығарылған күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жарыққа шығарылады.

3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушылары қатыса алады.

4. Байқауға жіберілетін жұмыстарға қойылатын талаптар
4.1. Байқау қатысушылары мемлекеттік рәміздерге деген өз көзқарастарын шығармашылық түрде білдіру керек. Сонымен қатар, байқауға жіберілген жұмысты әлеуметтік желіде жеке өздерінің парақшаларында #Рәміздер_байқауы хештегімен жариялауы тиіс.
4.2. Қатысушы жұмыстарды жеке орындауы қажет және авторлық құқықтар туралы заңнаманы бұзбауы тиіс.
4.3. Әрбір қатысушы байқауға бір ғана жұмыс ұсына алады. Барлық кейінгі жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді және қаралмайды.
4.4. Байқауды ұйымдастырушы сапасы төмен байқауға жіберілген жұмыстарды, сондай-ақ байқаудың тақырыбына сәйкес келмейтін жұмыстарды қабылдамауға құқылы.
4.5. Байқауға жұмыстар мен өтінімдер мемлекеттік және орыс тілінде қолма-қол Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 17 ғимаратқа және электронды нұсқада baikau2022@inbox.ru поштасы арқылы қабылданады.
4.6. Қатысушылардың жұмыстары электронды нұсқада (шрифт Times New Roman 14-пен, интервал 1,5, А4 форматта кемі 2 бет) ал фотолар жоғары сапада (raw или jpeg форматта), видеоматериал ұзақтығы 3 минуттан аспайтын (4к немесе Full HD 1080р) бейнефайл түрінде baikau2022@inbox.ru  электрондық поштаға БАЙҚАУҒА деген жазумен ұсынылады.

5. Байқау қорытындыларын шығару, байқау жеңімпаздарын хабарлау және марапаттау
5.1. Байқауды қорытындылау үшін Ұйымдастырушы тарапынан қазылар алқасы (БАҚ кеңесінің мүшелерінен) (бұдан әрі — Қазылар алқасы) құрылады.
5.2. Қазылар алқасы жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
— ақпараттық толықтыру (тақырыптың толық ашылуы, тақырыпқа және негізгі идеяларға, байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі);
— операторлық түсірілімнің, бейненің, дыбыстың сапасы, музыка таңдауы;
— бейне монтаж сапасы (музыка мен бейнелеулерді үйлестіру);
— уақытша регламентті сақтау;
— жұмыстың бірегейлігі және креативтілігі;
— жұмысты орындау кезінде техниканы, ұтымды тәсілдерді, шешімдерді пайдалануы;
— жұмысты орындаудағы даралық дербестігі, өзіндік көзқарасының болуы.

6.Байқаудың жүлде қоры – 1 000 000 тг
6.1. 1 орын – 100 000 тг (үш номинация бойынша)
2 орын – 100 000 (үш номинация бойынша)
3 орын – 100 000 тг (үш номинация бойынша)
Ынталандыру сыйлығы – 50 000 тг.

6. Қорытынды ережелер
6.1. Байқауға қатысушылар ұсынған жұмыстарды ұйымдастырушы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында және БАҚ құралдары арқылы таратуға пайдалана алады.
6.2. Байқауды Ұйымдастырушы мен Қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды бағалау кезінде қабылданған шешімдеріне түсініктеме бермейді. Байқаудың қорытындылары бойынша қарсылықтар, апелляциялар, наразылықтар қабылданбайды. Осы Ереженің талаптары бұзылған немесе қазылар алқасына, Ұйымдастырушыға немесе байқаудың басқа да қатысушыларына құрметтемейтін және дөрекі қарым-қатынаста болған жағдайда қатысушы байқаудың кез келген кезеңінде байқауға қатысудан шығарылуы мүмкін.
6.3. Байқауға қатысу мәселелері бойынша сұрақтар туындаса 8(72533) 5-90-87, 8 702 896 40 45, 8 775 368 57 85 байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар.
6.4. Байқауды Ұйымдастырушы осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Байқауға қатысу өтінішінің үлгісі

Қатысушының аты-жөні (толық)   Жұмыс тақырыбы  Әлеуметтік желіде жеке өздерінің парақшаларында #Рәміздер_байқауы хэштегімен жарияланған материалдар сілтемесі
Электрондық пошта (е-mail)
Байланыс телефоны
Тұрғылықты мекен-жайы

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған