• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

26.04.2022
in Басты ақпарат
СӘУЛЕЛІ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының жанынан «Сәулелі диагностикалық орталық» ашылды. Бұл орталық «Балалар жылына» орай бүлдіршіндерге жедел әрі кешенді диагностикалық қызмет көрсетуді үйлестіру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев мәлімдеді.
Сәулелі диагностикалық орталықтың қызметіне қаланың кез-келген бүлдіршіні учаскелік дәрігердің жолдамасымен келіп, заманауи құрылғыларға түсе алады.
— Өткен жылы қалалық бюджет есебінен ауруханаға соңғы үлгідегі МРТ аппараты алынған болатын. Бүгінде ол толығымен құрастырылып, жұмыс істеп тұр. Стационарлық ем қабылдап жатқан және жедел көрсеткіші бар, аурухананың қабылдау бөліміне, жарақат бекетіне келген науқастар МРТ, КТ, рентген, УДЗ, ЭКГ, ЭЭГ диагностикалық зерттеулерінен кезексіз өтеді. Бүгінде орталыққа күніне 100-150 бүлдіршін қаладағы емхана, ауруханалардан жолдама арқылы келіп, сәулелі диагностикалық орталықтың қызметіне жүгініп отыр. Сонымен қатар, кейбір емханаларда бейіндік дәрігерлер тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бізде консультативті диагностикалық кеңес алу қызметі де жолға қойылған, — дейді Е.Байдуллаев.
Сәулелі диагностикалық орталық меңгерушісі Қазыбек Сейітқазыұлының айтуынша, науқастар хирург, уролог, травматолог, нейрохирург, пульмонолог, аллерголог, ревматолог, оториноларинголог, невролог, кардиолог секілді дәрігерлерден кеңес ала алады. Мәселен, 1 айдың көлемінде 150-ден астам ата-ана бүлдіршінін кардиохирургтің қабылдауына әкелген.
Шымкенттік Айгүл Құрбанбаева 6-сынып оқитын ұлын уролог-дәрігердің қабылдауына әкеліпті.
— Мектептегі кезекті медициналық тексеру кезінде ұлымның денсаулығынан анықталған жағдайға байланысты жолдама берді. Осы жолдамамен орталыққа келіп, уролог-дәрігер Қайнар Кенжебайұлынан кеңес алдық. Дәрігер қосымша талдамалар мен зерттеулер үшін жолдама берді. Толық зерттеуден өткен соң, тиісті ем-дом қабылдайтын боламыз, — дейді А.Құрбанбаева.
Айта кетейік, жолдама арқылы дәрігерлерден кеңес алу уақыты жұмыс күндері сағат 11.00-15.00 аралығында жүргізіледі.
Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған