• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

26.04.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

Орта Азияның Мемлекетаралық Үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 30 жылдығына орайластырылған отырысы Түркістанда өтуде. Түркі әлемінің рухани астанасында ұйымдастырылған халықаралық жиында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің салалық министрлік басшылары бас қосты. Экология, геология және табиғи ресуртстар вице-министрі Серік Қожаниязов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. Шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев дамудың жаңа сатысына көтерілген Түркістан қаласын суландыру бағытында іске асырылған және алда атқарылатын жобалармен бөлісті.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Республикада суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі. Ағын суды тиімді пайдалану мақсатында өңірде ылғал үнемдеу технологияларын ендіру жолға қойылған. Бүгінгі таңда облыста 4 мың гектарға жаңбырлатып суғару және 25,5 мың гектарға тамшылатып суғару технологиялары ендірілді.
«Бұдан бөлек, соңғы 2 жылда 172 шақырым 23 каналға жөндеу және 241 шақырым 121 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 92 мың га суармалы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды. Сондықтан, бүгінгі өтіп жатқан Орта Азияның Мемлекетаралық Үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының кезекті отырысы Түркістан облысы үшін маңыздылығы жоғары екендігін атап өткім келеді. Өйткені, Түркістан қаласына 234 млн. текше метр ағын су жетіспейтін болатын. Оның себебі – бар суды жинап, толықтай Түркістанға дейін жеткізу мәселесі қолға алынбаған еді. Ғалымдармен, ауыл ақсақалдарының пікірлерін тыңдай келе, Түркістан қаласына 248,8 млн. текше метр ағын су жеткізудің жолын таптық»,-деді Өмірзақ Шөкеев.
Атап айтқанда, «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы арқылы 60 млн.м3 су үнемделеді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады. Бұрын ағын су 43%-ға фильтрациялық шығынға ұшыраса, бүгінгі күні 57 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілді. 2,1 шақырым канал бойы абаттандырылды. Жаңадан «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасын салу арқылы 31,0 млн.м3 ағын су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күні толық аяқталды. Нәтижесінде, 14 млн.м3 ағын су жинақтауға қол жеткізілді. «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» арқылы 52,8 млн.м3 ағын су жеткізіледі. Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн.м3 ағын су жеткізіледі. Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн.м3 ағын су жеткізіледі. «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасының құрылысы жүргізілді. Бұл жоба облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға оңды ықпалын тигізетін болады. 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып, 370 млн.м3 су көлге тасталынды. Бүгінгі күннің өзінде көл аумағының фаунасы өзгеріп, табиғи құстар шоғыры пайда болғанын байқауға болады.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласы айналасында 11 мың гектарға азық-түлік белдеуін қалыптастырылуда. Жоба толығымен жаңбырлатып суғару технологиясымен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңға 163 шағын агроқұрылымдар
кооперативтерге бірігіп, 2,2 мың гектарға 65 бірлік жаңбырлатып суару қондырғыларын орнатты. Технология, дақыл түріне қарай ағын су шығынын
2 есе азайтумен қатар, өнімділікті 3 есеге арттырады.
«Дамыған Америка Құрама Штатының Небраска штатында 70 мың дана су үнемдеу технологиясы енгізілген. Осы су үнемдеу технологиясының нәтижесінде штаттың табысы 30 жылда 5 млрд.АҚШ доллорынан 30 млрд.АҚШ доллорына дейін ұлғайған. Жалпы азық-түлік белдеуі аясында құны 30,7 млрд. теңгені құрайтын 6 серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінгі бас қосу тамыры бір, тарихы ортақ елдердің ауыз біршілігін арттыра түсері сөзсіз. Су және азық-түлік қауіпсіздігі, трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану секілді аса маңызды мәселерді бірлесіп шешу қажет. Бұл шекаралас жатқан елдер үшін ортақ мәселе болғандықтан, бүгінгі кеңес нәтижесінде өзекті мәселелер оңды шешімін табады деп сенемін»,-деді облыс әкімі.
Халықаралық жиында Орталық Азия өкілдері су ресурстарын пайдалану мәселелерін талқыланды. Комиссияның құрамына аумақтары арқылы Сырдария өзені ағатын мемлекеттердің өкілдері кіреді. Негізгі мақсаты — трансшекаралық өзендердің сулары пайдаланылуын үйлестіру.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған