• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҢҒЫРТУ — «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН» МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

22.04.2022
in Басты ақпарат
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҢҒЫРТУ — «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН» МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаев Шымкент қаласындағы мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Жиынды жүргізіп отырған қала әкімі Мұрат Әйтенов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес, қалада «Адамдар әкімге» форматынан «әкім халыққа» қағидатына көшу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«Шымкентте елімізде алғаш болып тұрғындармен кері байланыс орнататын «Фронт Офис» ашылып, басқармалар көрсететін мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың 1-тоқсанында қалада 72 кездесу өткізіліп, онда 374 маңызды мәселе көтерілді. Кездесулерде көтерілген мәселелердің 78 қанағаттандырылды, 249-ы жыл соңына дейін шешімін табады, ал 48 мәселені шешу ұзақ мерзімді қажет етеді. Бұдан бөлек, наурыз айында Менің қатысуыммен тұрғындарды бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылып, оған 125 азамат қатысты. Қабылдауда 164 мәселе көтеріліп, кездесу қорытындысы бойынша 44 мәселе қанағаттандырылды»,-деді әкім.

Мәжілісте Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртуға қатысты Президент қойған бірқатар міндеттерге тоқталып, мемлекеттік қызмет көрсету бюрократиялық, формальді принциптерге емес, нақты нәтижеге бағдарлану керектігін айтты.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақтылы, сапалы әрі кедергісіз орындалу қажет. Мемлекеттік қызмет бюрократияға жол бермейтін, халықтың қажетіне бағдарланған сервистік сипатта ұйымдастырылған кезде қалыптасқан олқылықтар еңсеріліп, мемлекеттік аппараттың жұмысы жаңа деңгейге көтерілері анық. Жасалып жатқан реформалардың барлығы ел игілігіне бағытталып отыр. Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың басты мақсаты – «халық үніне құлақ асатын» мемлекеттік аппарат қалыптастыру»,– деді Д.Жазықбаев.

Агенттік төрағасы жаңа редакциядағы Әдеп кодексінде көрсетілген ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік және клиентке бағдарлану қағидаларына баса назар аударуға шақырды.

Агенттік төрағасы Әдеп жөніндегі комиссиясына жекелеген саяси қызметшілер мен «А» корпусына жататын өңірлер (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдерінің орынбасарларының, аудан әкімдерінің және комитет төрағаларының, облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдері аппарат басшыларының жауапкершілігін қарауға өкілеттік беріліп отырғанын баяндады.

Кездесуден соң, Агенттік төрағасы тұрғындармен тілдесіп, оларды толғандырған сауалдарына жауап берді.

Іссапар Шымкент қаласы әкімдігі «Жобалық басқару кеңсесінің», «I-shymkent 109» ситуациялық, «TEN-Qogam» әлеуметтік қорғау, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысып және «Жастар ресурстық орталығының» жастарымен кездесуге жалғасады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған