• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЫНТЫМАҚТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

28.03.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЫНТЫМАҚТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Түркістан облысында этносаралық татулықты нығайту мақсатында әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Шаңырақ» байқауы басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

«Шаңырақ» байқауы – Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы. Аталған байқау қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы Қазақстан халқы арасындағы ынтымақ-бірлікті, өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу екендігін жеткізді басқарма басшысының орынбасары.

Дәурен Нұрланұлының мәлімдеуінше, «Шаңырақ» байқауы 1 сәуірде бастау алады. Биылғы байқаудың бір ерекшелігі, 2022 жыл – Балалар жылы шеңберінде этносаралық татулықты насихаттауға басымдық берілмек. Сондай-ақ жазбаларға қойылатын талап — этносаралық қарым-қатынастықты нығайту, еңбек адамы мен үлгілі отбасын насихаттау, қазақ тілінде өлең оқып, ән айтып, ізгі тілек жолдау, жол сапардан позитивті мақала жазу, тікелей репортаждар жасау. Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер, баспасөз орталықтарының мамандары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін жарыс ережесіне сай келетін материалды әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялау қажет.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек байқау шарттарына толығырақ тоқталды.

– Байқау жұмысына қойылатын талаптар: мәтіндік материалды «Шаңырақ» сөздерінен бастау; материалды жариялау жиілігі аптасына 3 жазбадан кем болмауы, жалпы жазба саны 30-дан кем болмауы тиіс; пост міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет, материалдың көлемі 100 символдан аз болмауы керек; мәтіндік материалға суреті бар мақала жайлы хабарды қосу; постта #Шаңырақ хэштегін қолдану. Жарияланған материалдардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап, байқаудың ұйымдастырушыларына 2022 жылдың 23-25 қараша аралығында тапсырылуы тиіс. Байқау жұмыстары мемлекеттік тілде қабылданады, — деді клуб төрағасы.

Байқауға ұсынылған жұмыстар әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырнамаларда көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы бағаланады. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі. Сондай-ақ, материалдың әсерлілігі және дұрыс бағыты ескеріледі.

Байқаудың қорытындысы 2022 жылы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, бүгін Түркістан қаласындағы «Алатау» медиа орталығында өңіріміздегі этносаралық бірлікті дәріптеген «Шаңырақ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинаққа былтырғы байқау барысында БАҚ-та жарияланған үздік мақалалар мен жазбалар енгізілген.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған