• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН ҮЛГІ РЕТІНДЕ КӨРСЕТЕ АЛАМЫЗ»

18.03.2022
in Басты ақпарат
Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН ҮЛГІ РЕТІНДЕ КӨРСЕТЕ АЛАМЫЗ»

Бүгін Түркістанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы міндеттерді орындау мәселелері бойынша партияның облыстық активінің мәжілісі өтті. Жиынды облыс әкімі, «Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етіп жүргізді. Актив отырысына партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, Саяси кеңес мүшелері, қоғамдық кеңестер мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында алдағы жүзеге уақытта жүзеге асатын Мемлекеттік басқару ісіндегі басты өзгерістерге тоқталды. Елде Парламенттің ықпалын күшейтіп, берік негізді елге айналудың алғышарттарын ұсынды. Саяси трансформациялар – қоғамдағы әділдікті орнатып, ел даумына ерекше серпін беретіндігіне де тоқталды. Мемлекет басшысының ұсынысымен еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізіледі. Бұл тарихи әділеттілікті орнатып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да оң ықпалын тигізері анық. Біз бұған өзіміздің Түркістан облысының бүгінгі келбеті мен тыныс-тіршілігін мысал ретінде көрсете аламыз, – деген Өмірзақ Шөкеев Жолдаудағы бағыттар Жаңа Қазақстанды құруға деген үлкен талпыныс, зор мүмкіндік екенін атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевқа сөз беріліп, саяси ұйымдағы жаңа бастамалар мен модернизациялау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайы баяндалды.
– Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, жауапты басқарма мен жергілікті құрылымдық бөлім мамандарының қатысуымен мобильді қоғамдық қабылдаулар жүргізілуде. Алғашқы қабылдаулар Қазығұрт, Созақ аудандарының шалғай ауылдарында өтті. Қабылдауларға 244 азамат келіп, өз өтініштерін білдірді. Олардың негізгі көтеріп отырған мәселелері: жаңа мектептер салу, субсидия, ішкі жол құрылысы, ауыз су, жайылым жер, электр энергиясы мен интернет сапасының нашарлығы, денсаулық сақтау және тұрақты жұмыспен қамту. Бұл жұмыстар биыл 1 маусымға дейін 14 ауданның ең шалғай ауылдарында жалғасады. Облыс көлеміндегі бастауыш партия ұйымдарында зерделеу жүргізіліп, 21 БПҰ-да қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу қолға алынды. Сонымен қатар облыстық партия филиалы жанынан құрылған 12 қоғамдық кеңес оңтайландырылып, саны 8-ге азайды. Ал аудан, қалалардағы кеңестердің саны 9-дан 5-ке кеміді. Қалай десек те, бүгінгі Жолдау ел тарихында «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың басты, құнды құжаты ретінде саналары анық, – деді Б. Тәжібаев.
Актив жиынында Сауран аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, «Turkistan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры Гүлжазира Матенова, Келес аудандық мәслихатының депутаты Д.Абдиев Жолдауға қатысты ойларын ортаға салды.
Мәжіліс соңында Ө.Шөкеев Жолдауды жан-жақты саралау үшін аудан, қалаларда актив жиналыстарын өткізуді, халыққа кең көлемде насихаттауды ұйымдастыру тапсырмаларын жүктеді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған