• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР АНАЛАР КЕҢЕСІ ӘЗІРЛЕГЕН НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТТЫ

18.03.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР АНАЛАР КЕҢЕСІ ӘЗІРЛЕГЕН НАУРЫЗ КӨЖЕДЕН ДӘМ ТАТТЫ

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасуда. Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында наурыз көже берілді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Алдымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамбылова бастаған аналар қауымы «Қылует» рухани орталығына барды. Биыл ел игілігіне берілетін рухани нысанда 100-ден аса құрылысшы еңбек етуде. Орталықта медресе, қарилар дайындайтын мекеме, қызметтік үй болмақ. Шара барысында құрылыс нысанындағы жұмысшыларға наурыз көже беріліп, ыстық палау мен бауырсақ үлестірілді.

– Шамшырағы қайта жанған Түркістан шаһарында бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Жалпы қаламыздың аумағында 200-ден астам нысан салынып жатыр. Бұл ретте, құрылысшылардың еңбегі ерен. Оларға қала тұрғыны ретінде алғыс білдіреміз. Қаймана қазақ үшін наурыз көженің орны бөлек. Наурыз көжеге қосылатын түрлі дәм молшылықтың, тоқшылықтың, сәттіліктің, байлықтың, бақ пен берекенің белгісі саналады. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! – деді Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамбылова.

Іс-шара барысында құрылыс алаңында асық атудан сайыс өтіп, үлкен-кіші демей белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен арнайы Наурыз кәдесыйлары табысталды.

Мерекелік іс-шара жаңа қала аумағындағы «Nur-Sultan city» тұрғын үй кешенінде жалғасты. Бұл игі іске облыстық ҚХА жанындағы Сауран аудандық Аналар кеңесі мен Кентау қалалық Аналар кеңесінің мүшелері ұйытқы болды. Аталған тұрғын үй кешенінде 100-ден аса құрылысшы Түркістанды түлетуге өзіндік үлесін қосып жатыр. Гүлденген шаһардың көрікті тұрғын үйлеріне қолтаңбаларын қалдырып, рухани астананың болашағына серпін беруде.

Жалпы бүгінгі шара аясында облыс орталығында жұмыс істеп жатқан 200-ден аса құрылысшы наурыз көжеден дәм татып, алғыстарын айтты. Мерекелік көңіл күйге бөленген құрылысшылар барша түркістандықтар мен қонақтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған