• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 4 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ОҢ ӨСІМ БАР

15.03.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ОҢ ӨСІМ БАР

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылғы қаңтар-ақпан айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары қаралды.
ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров екі айда ел экономикасының өсу қарқыны 3,5 пайызға жеделдегенін атап өтті. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда инвестициялардың өсу қарқыны 5,7 пайызды құрады. Атап айтқанда, құрылыс, білім беру, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, жылжымайтын мүлік пен операциялар салаларында өсім бар.
Инвестиция тарту бойынша Қызылорда, Павлодар облысы және Шымкент қаласында жоғары өсім байқалып отыр. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда инвестиция тарту көлемі 42,8 пайызға артқан. Шаһарда бес негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң өсім бар.
ҚР Премьер-Министрі қазіргі күрделі кезеңде экономиканың өсу қарқынын сақтай отырып, әрі қарай жеделдету аса маңызды міндет екенін айтты. Халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын құруды барынша күшейту қажет.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарының жобасы талқыланды. Ауыл шаруашылық министрі Е.Қарашөкеевтың айтуынша, аталған жоспар 3 негізгі бөлімнен, 31 іс-шарадан тұрады.
Қазіргі таңда елімізде азық-түлік қоры жеткілікті. Тұрақтандыру қорларында 90 мың тоннадай қант бар. Азық-түлік тауарлар қосымша өндірілуде.
Үкімет басшысы бірінші кезекте еліміз негізгі азық-түлік тауарларымен толық көлемде қамтамасыз етілгенін, ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Сүйінші хабар!   Шымкенттің оқушылары iGEM 2025 халықаралық байқауында күміс медаль иеленді

Сүйінші хабар!  Шымкенттің оқушылары iGEM 2025 халықаралық байқауында күміс медаль иеленді

04.11.2025
ТҮРКІСТАНДА «ЮЖНЫЙ КАЗАХСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЮЖНЫЙ КАЗАХСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

01.11.2025

В Палате предпринимателей прошел тренинг для женщин

31.10.2025
ShareTweetShareSendShare2Share

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Созданы комфортные условия для жителей жилого комплекса «Asar House»

Созданы комфортные условия для жителей жилого комплекса «Asar House»

04.11.2025
«Asar House» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасалды

«Asar House» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасалды

04.11.2025
Сүйінші хабар!   Шымкенттің оқушылары iGEM 2025 халықаралық байқауында күміс медаль иеленді

Сүйінші хабар!  Шымкенттің оқушылары iGEM 2025 халықаралық байқауында күміс медаль иеленді

04.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған