• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕЛЕСТІҢ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕДЕЛ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

24.02.2022
in Басты ақпарат
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕЛЕСТІҢ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕДЕЛ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Келес ауданын газдандыру, ауыз сумен қамту, ағын су және инфрақұрылым салаларындағы қордаланған мәселелер жедел шешілуі тиіс. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамытып, инвестиция тарту ісі жандануы керек. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданының экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштері сараланған есептік жиында аудан әкімі Ақментай Есбаевқа осы және өзге де міндеттерді жүктеді. Ауданда бір жылда атқарылған жұмыстар сараланған жиында өзекті мәселелер ортаға салынып, нақты шешу жолдары талқыланды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығы саласындағы кейбір көрсеткіштер толық орындалмағанын сынға алып, жұмыстарды күшейтуді міндеттеді. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жаңа жобаларды қолға алуды жүктеді.
– Келестің ауа райы мен табиғаты өте қолайлы. Бірақ ол мүмкіндік пен артықшылықты толық пайдаланып отырған жоқсыздар. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарын ашып, агросала мен мал шаруашылығын дамыта түсу керек. Неге ұйымдастырмайсыз? Әлде жұмыс күші жоқ па? – деді өңір басшысы.
Келесте 83 елді мекеннің 50-і табиғи газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 80,1 пайызға жеткен. 2021 жылы 9 елді мекеннің газ нысандарының құрылыс жұмыстары аяқталған. 14 елді мекенде ауыз су құрылысының жұмыстары жүргізіліп, қамту көрсеткіші 75 пайызға жеткен.
Өңір басшысы ауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жобаларды жалғастыруды тапсырды.
– Елді мекендерді газдандыруды күшейту керек. Жер асты суларын барлау, жылыжай шаруашылығы, су қоймаларды тиімді пайдалану бағыттарында жұмыс жандансын. Ауыл ішіндегі сапасы сын көтермейтін жолдарды ретке келтіріңдер, – деді Ө.Шөкеев.
2021 жылы Келес ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 89,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,2 млрд. теңгеге артты. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласының үлесі 69,4 пайызды құрап отыр. 2022 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 95,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Ауданға барлығы 13,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 543,5 млн. теңгеге өскен.
Аудан әкімі мал шаруашылығына қуаңшылықтың әсер еткеніне және осы саладағы өзге де мәселелерге тоқталып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді. Аймақта ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 62,2 млрд. теңгені құраған. Алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу бойынша 316 жоба өз жұмысын бастап, 121 мың тонна бақша және көкөніс өнімі жиналған. Солтүстік Ташкент каналының аудан аумағындағы Жүзімдік, Бірлесу, Ақтөбе ауылдық округтерінің 19,2 шақырым бөлігі механикалық тазалаудан өткізілуде. Нәтижесінде 1500 га жер қайта айналымға түсетін болса, 2922 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсаратын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған