• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚЫЗЫЛЖАРДА ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

08.02.2022
in Басты ақпарат
ҚЫЗЫЛЖАРДА ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент қаласы Қызылжар шағынауданында бір ауысымда 500 науқасты қабылдай алатын үлкен, заманауи емхананың құрылысы жүріп жатыр. «Медикал центр Шұбарсу» компаниясының қаржысына салынып жатқан емхана 2023 жылдың көктем айларында пайдалануға беріледі. Бүгін Шымкент қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов емхананың құрылысымен танысты.
Бүгінде Қызылжар шағынауданында 58 мың тұрғын бар. Мұндағы №9 емхананың әбден тозығы жеткен. Тұрғындар диагностикалық зерттеуден өту үшін қаланың орталығына баруға мәжбүр. Сол себепті денсаулық сақтау басқармасы мәселені шешу үшін «Медикал центр Шұбарсу» ЖШС-ін инвестор ретінде тартқан. Әзірге бұл емхана уақытша ғимаратта жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Жаңа емхана шағынаудандағы қараусыз қалған стадионның орнына салынуда.
–Жаңа емханада тұрғындарға қажетті барлық жағдай жасалады. Ол МРТ,КТ, УДЗ секілді барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Өз зертханасы, тіпті, күндізгі стационар бөлімі де болады. Емхана ашылған кезде тұрғындар ем алу үшін басқа жаққа сабылмайды. Кейбір азаматтар жаңа емхананың стадионның орнына салынуына қарсы болғанын білесіздер. Бірақ, ол стадионда адамдардың спортпен айналысуына ешқандай жағдай жоқ болатын. «Медикал центр Шұбарсу» компаниясы өз қаражатының есебінен ескі емхананың орнына заманауи спорт кешенін салып беруді мойнына алып отыр, – деді Б.Позилов.
Басқарма басшысы ендігі жерде мемлекет тек қана ірі клиникалар мен ауруханаларды ғана салатынын айтты. Ал, емханалар инвесторлардың есебінен салынып, МӘМС қоры және жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы қаржыландырылып отырады. Сол арқылы мемлекет емхана құрылысы мен ондағы құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін қаржыны үнемдеп, ол қаржыны медицинаның өзге бағыттарын дамытуға жұмсай алады. Қазірдің өзінде Шымкентте тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп отырған 44 емхананың 34-і жекеменшік емханалар.
«Шымкент келбеті» – Айдар ҚҰЛЖАНОВ.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған