• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЗАБАДАМ ЕЛДІ МЕКЕНІ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛДЫ

03.02.2022
in Басты ақпарат

Шымкент қаласында халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүруде. 2025 жылға қарай үшінші мегаполисті жүз пайыз мобильді және талшықты-оптикалық интернет желісімен қамту көзделуде. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдраханов мәлімдеді.
Әсет Маратұлының айтуынша, интернет сапасын арттыру мақсатында өткен жылы қалалық әкімдік Маңғыстау облысынан екі ірі инвестор тартқан. Бүгінгі таңда шаһарда интернет байланысын жақсартумен «Қазақтелеком» АҚ-дан бөлек жеке инвесторлық компаниялар да айналысып жатыр.
— Өткен жылы Шымкенттің 10 елді мекені сапалы интернетке қосылды. 14 базалық станция орнатылды. Биыл 15 елді мекен сапалы интернет желісімен қамтылады. Қазіргі таңда қаланың 60 пайызы талшықты-оптикалық, 91 пайызы мобильді интернетке жалғанған. Базалық станция орнатылмаған 22 елді мекен ғана қалды. Интернет байланысына қосылу 10 мың, ал ай сайынғы төлем 6 мың теңгені құрайды. Осы тұста айтарым, тұрғындар интернетке қосылуда белсенділік танытқаны жөн. Өйткені абоненттер саны көп болса, инвесторлардың да жұмыс тиімділігі артады, — деді Ә.Абдраханов.
Талшықты-оптикалық кабель тарту ісімен айналысушы инвестордың бірі «SAS Telecom» ЖШС. Компания өкілі Нұрсәбит Сапарбековтің айтуынша, былтыр Сәуле шағынауданын сапалы интернетке қосуға 50 млн. теңге ұаржы жұмсаған. Қазіргі таңда Забадам елді мекеніне интернет желісін тарту жұмыстарын аяқтау үстінде. Кейінгі кезекте Қазығұрт, Құрсай, Бадам-1 және Қарабастау елді мекендері сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі.
— Сәуле шағынауданында 300 абонент бар. Соның 40 пайызы интернетке қосылған. Забадам елді мекенінде интернет байланысы желісін тарту ісін 70 пайызға аяқтадық. Оған 30 млн. теңге қаржы жұмсалды. 20 шақырым талшықты-оптикалық желі тартылды. Кабельді интернет отбасы үшін өте тиімді әрі арзан. Wi-Fi құрылғысымен отбасының барлық мүшесі интернетке еш кедергісіз қосыла алады. Бүгінгі таңда интернет байланысының орташа құны кемі 2,5 мың теңге тұрады. Отбасы мүшелерінің әрқайсысын қосқанда оның құны 10 мың теңгеден асып кетеді. Ал үйдегі кабельді интернетке бар-жоғы 6 мың теңге төлейді. Сондықтан талшықты-оптикалық интернет байланысы отбасылық бюджет үшін соншалықты қымбат емес, — деді Нұрсәбит Нұрходжаұлы.
Забадам елді мекенінің тұрғыны, мектеп мұғалімі Зүлфия Сайдазова кабельді интернет желісі тартылатынын естігенде ерекше қуанғанын айтады. Өйткені пандемияға байланысты карантин уақытында сабақ онлайн режиміне ауысқан кезде сапалы интернетсіз іс өнбейтінін ұғынғанын жеткізді. Сондықтан елді мекенге кабельді интернет келді деген кезде бірінші болып талшықты-оптикалық ғаламтор желісін үйіне орнатқан.
Жалпы, Президет тапсырмасына орай тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету, цифрландыру бағдарламасын сәтті жүзеге асыру мақсатында үшінші мегаполисте ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Осыған байланысты, мәселен, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы және «Қазақтелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «I-LinkNet.net, «СпецавтоматикаСервис» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» мен «Нұр-Астана Строй» ЖШС өкілдерінің қатысуымен жуырда өткен мәжілісті атап өтуге болады. Жиында қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан елді мекендерде интернет сапасын жақсарту мәселесі қаралды.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған