• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 23 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.01.2022
in Басты ақпарат
ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының есебін тыңдады.
Басқарма басшысының орынбасары Б.Азимбердиев өткен жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды және 2022 жылы жүзеге асырылатын жоспарлары туралы баяндады.
Шымкентте өнеркәсіп саласында 718 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 605 өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. Осы кәсіпорындармен өткен жылы 784 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі, ал өңдеу өнеркәсібінде 678 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Басқарма басшысының орынбасары алдағы бес жылда өнеркәсіп өнім көлемін 1,7 пайызға арттыру көзделгенін атап өтті.
Сонымен қатар ол өткен жылы негізгі капиталға 462 млрд. теңгенінің инвестициясы салынғанын айтып, биыл бұл межені 540 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланғанын мәлім етті.
Баяндамада айтылғандай сыртқы сауда айналымының үлесін 30 пайызға төмендету бойынша 2022-2025 жылдары импорт алмастыруға бағдарланған құны 472,7 млрд. теңгені құрайтын 61 жоба, оның ішінде биылғы жылы құны 52,3 млрд. теңге болатын 16 жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда түсті металдар концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өндіру зауыты, алюминий банкілер өндірісі, табақ шыныдан жасалған шыны конструкцияларды өндіретін кәсіпорын, аралас иірімжіп өндірісі, шұлық бұйымдар өндірісі, дәрілік және гигиеналық құралдар шығаратын өндіріс пен кілемдер мен кілем бұйымдар өндірісі салынады деп жоспарлануда.
Қаламыздың мегаполис дәрежесін алуы көп мүмкіндіктермен қоса жауапкершіліктер жүктейтінін айтқан қала басшысы, Шымкент қаласы еліміздің оңтүстік өңіріндегі даму локомативіне айналу керектігін айтты. Экономикалық индикаторлардың орындалуымен шектелуге болмайтынын, инвесторларға барынша жағдай жасау керектігін атап өтті.
Сөз соңында жоспарлардың орындалуы барысында статистикалық негіздер мен аналитикалық талдаулар қатар жүргізілуі тиіс екенін, көзбояушылықтан арылатын кез келгенін және қала экономикасына серпін беретін жаңа ұсыныстар керектігін жеткізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

23.01.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ДАВОС ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ДАВОС ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

22.01.2026
Отандық өндіруші мәртебесі жаңа форматта: Түркістанда e-Ondiris жүйесіне көшу түсіндірілді

Отандық өндіруші мәртебесі жаңа форматта: Түркістанда e-Ondiris жүйесіне көшу түсіндірілді

22.01.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ҚР «АТАМЕКЕН» ҰКП СЪЕЗ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ АЯСЫНДА ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

23.01.2026
46 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

В Шымкенте 46 семей получили ключи от новых квартир

22.01.2026
46 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

46 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

22.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған