• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

27.01.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен 1 миллиард 49 миллион теңге қаржы бөлінген.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы Жәнібек Тоғай мәлімдеді.
—Шымкентте 60 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның 20 мың гектары жайылымдық жер. Қазір қала аумағында 70 мың басқа жуық ірі қара бар. Мемлекет мал басын асылдандыруға басымдық беріп отырмыз. Егер фермер асыл тұқымды мал сатып алса, ірі қараның әрбір басына 400 мың теңгеге дейін субсидия беріледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетуге бюджеттен 1 миллиард 49 миллион теңге бөлінсе, оның ішінде мал азығын субсидиялауға 248 миллион теңге жұмсалмақ, – деді Ж.Тоғай.
Оның айтуынша, қуаңшылыққа байланысты жем-шөпке арнап та субсидия төленеді. Мәселен, биыл оның мөлшері асыл тұқымды ірі қараның аналығына жылына 70 мың теңгені құрайды. Егер сиыр аралас тұқымды болса, 50 мың теңге, шаруа мал болса, 30 мың теңге төленеді. Жылқыда әр сауын биеге 30 мың теңге, аналық қойдың әр басына 8 мың теңге субсидия беріледі. Дегенмен, мұндай көмекке қол жеткізу үшін жылқы мен ірі қараның 50 бастан, қой 300 бастан кем болмауы тиіс.
Мемлекеттің осындай көмегінің шарапатын көріп, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі Кәрімжан Егемназаров. Алғаш рет осыдан 3 жыл бұрын Нимдерландыдан голштин тұқымды 35 бас бұзаулы сиыр әкелген шаруашылықта бүгінде 220 бас ірі қара бар. Оның ішінде 140 басы сауын сиыр екен.
–Заманауи талаптарға сай қоражай салып жатырмыз. Құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Голштин тұқымының артықшылығы оның сүтті мол беруінде. Белгіленген рационмен құрама жем беріп отырамыз. Нәтижесінде әр басы тәулігіне 24-28 литр аралығында сүт береді. Яғни, әр сиыр жылына 7 тоннадан астам сүт береді. Қазір тәулігіне 3 тоннаға жуық сүт сауып алып отырмыз, – дейді К.Егемназаров.
Әзірге шаруашылық сүтті жергілікті сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға өткізіп отыр. Өткізілген сүттің әр литріне 20 теңгеден қосымша субсидия алады екен. Кәсіпкер ферманың құрылысы аяқталған соң мал басын көбейтуді, сөйтіп біртіндеп шағын сүт өңдеу зауытын ашуды көздеп отыр екен.
«Шымкент келбеті» – Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған