• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ВАКЦИНА АЛҒАН ОҚУШЫЛАР ОФЛАЙН ОҚИ АЛАДЫ

19.01.2022
in Басты ақпарат
ВАКЦИНА АЛҒАН ОҚУШЫЛАР ОФЛАЙН ОҚИ АЛАДЫ

Pfizer вакцинасының екі компонентін алған оқушылар ата-анасының рұқсатымен дәстүрлі форматта білім алуына болады. Бүгінгі таңда екпенің екі компонентін алған 5 мыңнан астам оқушы офлайн білім алып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының қашықтан оқыту процесімен танысу барысында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

— Елдегі эпидахуалға байланысты және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің шешіміне сәйкес, мектеп оқушылары 3 тоқсанда қашықтан оқуды бастап кетті. Мұндай шешім қабылдауға коронавирус жұқтырған науқастардың арасында 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің көбеюі де себеп болып отыр. Шымкент қаласындағы 203 мектепте 242 525 оқушы бар. Олардың басым бөлігі онлайн оқып жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің талаптарына сәйкес, Pfizer вакцинасының екі компонентін алған оқушылар ата-анасының рұқсатымен дәстүрлі форматта білім алуына болады. Бүгінгі таңда екпе алғандардың ішінен 5 мыңнан астам оқушының ата-анасы дәстүрлі оқытуға өтініш білдіріп, олар офлайн білім алып жүр, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының директоры Алмас Қайыповтың айтуынша, мектепте 3283 оқушы бар. Оқу жылының алғашқы екі тоқсанында 1597 оқушы бірінші ауысымда, 1602 оқушы екінші ауысымда, ал 84 оқушы аралық ауысымда оқып келген.

— Оқушылар 3-тоқсанды қашықтан білім алумен бастады. Мектеп мұғалімдері онлайн форматта дәріс өтуге дағдыланған. Мұғалімдер мектепке келіп, ZOOM қосымшасы арқылы оқушылармен байланыс орнатып отыр. Ал, Pfizer вакцинасының екі компонентін алған оқушылар дәстүрлі форматта оқып жүр. Білім ордасының балансында 946 ноутбук-планшет бар. Бүгінде оның 200-ден астамы ата-аналардың жауапкершілігімен оқушыларға үлестірілді, — деді мектеп директоры А.Қайыпов.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан мектепті аралау барысында «Математика» пәнінің мұғалімі Тұрарбек Балтабайдың 5 «з» сыныбына және «Информатика» пәнінің мұғалімі Тойлыбаева Камшаттың 6 «ғ» сыныбына ZOOM қосымшасы арқылы өткен дәрісіне қатысып, оң бағасын берді. Сондай-ақ, смартфон арқылы дәріс өтіп отырған мұғалімдерді сынға алды.

— Бүгінде қала мұғалімдері қашықтан оқытуға дағдыланған. Алайда, қолайлы болғаны үшін смартфон арқылы сабақ өтіп, алдында тұрған компьютерді пайдаланбауы дұрыс емес. Қала мектептерінде 57 мыңға жуық компьютер құрылғысы бар. Олардың барлығы интернетке қосылған. Ол әр 4 оқушыға 1 компьютер тиетінін көрсетеді. Бүгінде арнайы құжат толтырылып, ата-аналарға ноутбук, планшеттер таратылды. Жалпы, эпидахуал реттелген соң, мектептер де кезең-кезеңімен дәстүрлі оқуға көшіріледі, — деді Ш.Мұқан.

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.
ФОТО Серік ҚОСАЕВ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған