• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДЫҢ ШӘКІРТТЕРІ – КҮЙ ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫЛАРЫ

29.12.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДЫҢ ШӘКІРТТЕРІ – КҮЙ ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫЛАРЫ

Ұстаз – адам тәрбиешісі. Мықты ұстаз болу үшін дара қабілет, қасиет, мінез керек. Өнерлі ұрпақ тәрбиелеу ісін өмірлік ұстанымына айналдырған Гүлзира Даржанова бүгінде Шымкент қаласындағы №58 мектебінде домбыра үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарады.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

Білікті ұстаздың білім беру саласында 26 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Осы жылдар ішінде оның тәрбиесін алған талай шәкірттер қазақ халқының баға жетпес рухани қазынасы – ұлттық күй өнерін бойына сіңіріп, домбыраның құлағында еркін ойнайтын хас шеберлерге айналды.

Г.Дәржанова тәжірибелі педагог ретінде оқушыларға домбыраның ұлттық аспап қана емес, ол халқымыздың жаны мен қаны, қасиеті мен ары екенін ұғындырып, Ұлы Даланың сазды сарыны – ұлтымыздың өткені мен бүгіні, ұлттық танымның қайнар көзі екенін түсіндіреді. Қос ішекті домбыра халқымыздың қайғы мен мұңын, қуанышы мен шаттығын қатар алып жүрген қасиетті аспап екенін жеткізіп, жеткіншектердің ұлттық өнерге, халықтық музыкаға деген әуестігін оятып, қазақ халқының мәдениетіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына перзенттік махабаттын қалыптастырады. Білікті ұстаз осылайша рухани тәрбиені патриоттық, елжандылық қасиеттерге баулу міндетімен жалғап, бабалар үнін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.

Шығармашыл ұстаз мектептегі домбыра үйірмесіне жетекшіліп етіп, аптасына екі мәрте 6-9 сынып оқушыларының қатысуымен шеберлік дәрістерін өткізеді. Ұстаз бен шәкірттердің домбыраға деген сүйспеншілігі мен адалдығының арқасында мектепте «Үкілім-ай», Аңсар» домбырашылар ансамблі құрылып, жас шәкірттер «Көңілашар», «Адай», «Балбырауын», «Өмір жолы», «Ата толғауы», «Ерке сылқым» сынды халық күйлерін асқан шеберлікпен орындап, тұрлы шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері қатарынан көрініп жүр.

Мәселен, «Үкілім-ай» домбырашылар ансамблі «Достар дауысы» және «Ұлы дала ұрпағы» байқауларында бас жүлде мен І-орынға ие болса, Абайдың 175 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» Халықаралық өнер фестивалінде Алтын жүлде иегері атанды.

«Аңсар» ансамбілінің мүшелері республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауында І-орынмен марапатталса, Халықаралық «Алматы встречает друзей» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Білім саласындағы жетістіктері үшін Гүлзира Даржанова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен және Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Г.Даржанова сынды ұстаздар қауымы қаламыздың білім саласын жаңа деңгейге көтеріп, олар тәрбиелеген шәкірттер қаламыздың өркендеуі мен гүлденуіне ерекше із қалдырады деген сенімдеміз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған