• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 2 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ӨҢІРЛІК СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

24.12.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ӨҢІРЛІК СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзбекстандық «Orient Ceramic» және «Azia Metall Prof» компанияларының құрылтайшыларын қабылдады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

01.07.2025
САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

30.06.2025
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

30.06.2025

Көрші елдің іскерлік орта өкілдерімен өткен кездесуде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп, Орталық Азия аймағының қуатты байланысын орнатқандығын атап өтті.

«Хабарларыңыз бар, жақында Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстан Үкімет басшыларының қатысуымен өткен үшінші өңіраралық ынтымақтастық форумында 231 млн. АҚШ долларын құрайтын 7 меморандумға қол қойылды. Онда өнеркәсіп, агроөнеркәсіп және тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру көзделді. Қазір елдеріміздің кәсіпкерлері өзара іскерлік байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстарды «Қазақинвест» Ұлттық компаниясы үйлестіруде. Қазақстан мен Өзбекстанның бизнес өкілдері экономикаға капитал бағыттау, инвестициялық жобаларды іске асыру жолдарын қарастыруда. Қаламыздың өндірістік әлеуетті шоғырландыру тәжірибесі бар. Жаңадан 2 өндірістік аймақ ашылатын болады. Оған қосымша 2 агроиндустриалды аймақтар құрылуда. Экономикамызға капитал құюға дайын жобаларға жан-жақты қолдау көрсету механизмдері белгіленген. Бизнес бастамаларыңыз үшін алғысымды жеткізе отырып, әріптестік байланыстарды жолға қоюға қала әкімдігі әрқашан дайын», — деді М.Әйтенов.

Шаһар басшысы қала экономикасында құрылыс индустриясы маңызды орын алатынын атап өтті. Шығарылатын өнімдер арқылы қаламыздың ішкі сұранысын ғана емес, республика нарығын да толық қамтуға болатынын айтты. «Былтыр қаламызда 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл оның көлемі бір миллион шаршы метрге жетті. Биылдың өзінде 1,6 млн. шаршы метрді құрайтын 275 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүрді. Еліміз бойынша жыл сайын орта есеппен 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл көрсеткіштер құрылыс индустриясын алға жылжытуға үлкен мүмкіндіктер ашып отыр», — деп атап өткен М.Әйтенов құрылыс индустриясын ілгерілетудің тиімді жолдарын көрсетті.

Кездесуді қорытындылаған шаһар басшысы, инвесторлардың ынтымақтастықты арттыруға арналған бастамаларын қолдайтынын жеткізді және ежелден көршілес, бауырлас елдердің іскерлік, гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстары жыл санап артатынына сенімін білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған