• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

13.12.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкентте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік жастар — 2021» премиясын табыстау рәсімі өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Байқаудың ережесіне сәйкес, биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 номинация бойынша ең мықты деген 30 жас «үздік» деп танылды. Жастар премиясы түрлі салаларда жұмыс жасайтын дарынды жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау, жастардың рухын көтеріп ынталандыру мақсатында биыл дәстүрлі түрде он бірінші рет өткізіліп отыр.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Салтанатты жиында сөз алған шаһар басшысы жиылғандарды мерекемен құттықтап, үздік жастарға премияларын табыстады.

— Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Елімізді дамытуға бағытталған түрлі бағдарламаларға қатысушы әрі жүзеге асырушы да — жастар. Бүгінде жастар қала тұрғындарының 23 пайызын құрайды. Төрт ауданнан жастар орталығы бөлімшелерінің ашылуы, «Шымкент жастар лигасы» жобасы — жастар саясатының қаламызда қарқынды жұмыс жасап жатқанының бір дәлелі. Шымкент – дарынды әрі талантты жастарғай бай. Жайдарман ойындарының Жоғары Лига чемпиондары да Шымкенттен шықты. «Дарын» жастар сыйлығы, Токиода өткен жазғы Олимпиада және Сербия мемлекетінің Белград қаласында еліміздің Көк Байрағын көкке көтерген спортшыларымыз қаламыздың абыройын асқақтатып жүр. Олар – біздің мақтанышымыз. Елге қызмет ету тек білімді ғана емес, намысты да талап етеді. Біз қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу жолында еңбектене беруіміз қажет. Сондықтан ел дамуы мен тарихымызды танудың жаңа кезеңінде аянбай еңбек етуге шақырамын!- деді М.Әйтенов.

Бұл жылы «Үздік жастар-2021» премиясына қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы 168 жастан өтінім келіп түскен. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясының шешімімен тек үздік деген отызы анықталды. Номинация иегерлеріне диплом мен 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтар табысталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған