• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПТА ҮЗДІК ЭССЕ, ӘҢГІМЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

12.11.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПТА ҮЗДІК ЭССЕ, ӘҢГІМЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Саз колледжімен бірлесе «Адал – жас ұрпақ» атты қалалық патриоттық әндер, эссе, әңгіме және мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды.
Басты мақсат — жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, әдебиет пен шығармашылық арқылы парасаттылық идеологиясын дәріптеу болып табылады.
Байқауға жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектептерден 70-ке жуық студенттер мен оқушылар қатысты.
Қазылар алқасы ретінде Департамент өкілдері мен мәдениет саласының үздіктері, филолог мамандар тартылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша осындай іс-шаралар жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
Шара барысында қатысушылар өнерін ортаға салып,әсерлі әңгіме, қара сөз оқып, отанды сүюге, еліміздің патриоты болуға замандастарын үндеді.
Ойының ұшқырылығы және жұмысының мазмұндылығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік эссе, әңгіме» номинациясы бойынша ІІІ-орынды М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті А.Самидин, ІІ-орынды индустриалды-техникалық колледжінен Д.Ахатбек, І-орынды қалалық «Адал ұрпақ» ассоциациясынан А.Жуасбек иеленді.
«Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша ІІІ-орынды Мирас университетінің студенті Р.Мамыр, ІІ-орынды индустриалды-техникалық колледжінен А.Рахматулла, І-орынды жол-көлік колледжінен С.Махамбет-Пахир жеңіп алды.
«Патриоттық әндер» номинациясы бойынша ІІІ-орынды Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенті М.Келдібай, ІІ-орынды М. Әуезов атындағы ОҚУ студенті С.Жақып, І-орынды Шымкент саз колледжінің студенті П.Ким иеленді.
«Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Ұйымдастырушылар мен ұстаздарыма, қолдап келген достарыма алғысымды білдіремін» — дейді Павел Ким. Шымкент саз колледжінің студенті байқаудың барлық қатысушылары талантты, өз елінің нағыз патриот жастары екендігін жасырмады. Сондай-ақ, ол парасыз, парасатты, саналы қоғамда өмір сүруді қалайтындығын және өзі де бұл бағытта белсенділік танытатындығын жеткізді.
Жол-көлік колледжінің студенті Сәкен Махамбет-Пахир аталған байқаудан үлкен тәжірбие алғандығын айтады. «Байқау талаптары бойынша көптеген ақпаратпен таныстым, жалпы қоғамдағы адалдық принциптері, жемқорлыққа төзбеушілік, адами қасиеттерді жоғалтпау үшін жастарға үлкен жауапкершіліктің түскенін ұғындым» — деді ол.
Барлық жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған