• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 12 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

12.11.2021
in Басты ақпарат
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында шымкенттік жастар арасында түрлі салада жетістікке жеткен талантты азаматтармен кездесу ұйымдастырылуда. Бүгін қала жастары Белградта өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханмен жүздесті.

Оқи отырыңыз...

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

BusinessGO бірыңғай цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

12.08.2026
Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

Түркістанда кәсіпкерлерге қаржылық құралдар мен инвестициялық мүмкіндіктер таныстырылды 

11.08.2026
ТҮРКІСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ЖАСТАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛЫП, ЖАСТАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

10.08.2026

Бұған дейін Қазақстанның бес дүркін, сондай-ақ, Азияның чемпионы атанған Махмұд спортта жеңістің оңайлықпен келмейтінін, тыңғылықты еңбектену керектігін айтты. Кездесу еркін сұхбат алаңында өтті. Сондықтан жиналғандар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

– Спортқа әкемнің жетелеуімен келдім. 7-сынып оқып жүргенімде ауылымызда спорт үйірмесі ашылды. Әкем – спортшы. Оны естіп, маған күреске баруға кеңес берді. Әкем екеуіміз күреске жазыламыз деп барып, бокстан бір-ақ шықтық. Ақылдаса келе бокспен шұғылданатын болып келістік. Ауыл, аудан көлемінде жарыстарда жеңіске жетіп, көзге түстім. Содан 2015 жылы жасөспірімдер арасында ел чемпионы атандым. Ал ересектер арасындағы алғашқы үлкен жарысым әлем чемпионы болды, — деді жүлдегер.

Байрақты бәсекеде күміс жүлдеге ие болған 20 жастағы жерлесіміз алдағы жоспарлары туралы да айтып өтті.
–Кезінде 2000 жылы Сиднейде Бекзат Саттарханов ағамыз 20 жасында Олимпиада шыңын бағындырды. Сол секілді 2013 жылы Жәнібек Әлімханұлы 20 жасында Алматыда әлем чемпионы болды. Мен де сол ағаларымның жолын қусам деймін. Келесі жылы Азия ойындары бар. Одан кейін 2023 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында әлем чемпионаты өтеді. Сол жарыстардан тек алтын әкелуге тырысамыз. Кеткен есені қайтарамыз. Барлық спортшының арманы олимпиада шыңын бағындыру ғой. Бұйырса, алдағы жарыстарда сол арманыма тағы жақындай түсемін. Олимпиада лицензиясын алып, еліміздің намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп, ән ұранымызды шырқатуға бар күш-жігерімді саламын. Әлі уақыт бар, көп еңбектеніп, жаттығуларды үзбей жасау керек, — деді Махмұд.

Жастармен өткен кездесуінде Махмұд Сабырхан жеткен жетістіктерін баяндап, замандастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал ұйымдастырушылар осындай кездесулер жастардың патриоттық сезімін оятып, ұлттық құндылықтарының қалыптасуына септігін тигізеді деп сенеді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: жаңа саяси жүйедегі маңызды қадам

Құрылтай сайлауы: жаңа саяси жүйедегі маңызды қадам

12.08.2026
23 тамыз: Қазақстанның жаңа саяси кезеңіндегі сайлау

23 тамыз: Қазақстанның жаңа саяси кезеңіндегі сайлау

12.08.2026
Жастардың жаңа мүмкіндіктері: Құрылтай көтерген маңызды бағыт

Жастардың жаңа мүмкіндіктері: Құрылтай көтерген маңызды бағыт

12.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған