• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 28 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР КЕЛЕЛІ КЕҢЕСТЕ БАС ҚОСТЫ

27.10.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР КЕЛЕЛІ КЕҢЕСТЕ БАС ҚОСТЫ

Үшінші мегаполисте жастар жалпы халықтың 21,7% пайызын немесе 239 986-адамды құрайды. Қалада 8 жоғары және 38 арнаулы оқу орындары бар. Бұл білім ордаларында 125 390 студент білім алуда. 2021 жылы қала әкімінің бастамасымен 4 ауданда Жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылды. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көрме орталығында өткен қала әкімдігінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесте айтылды.

Оқи отырыңыз...

Алматыдағы «Таза Қазақстан» инновациясы (Эко-Трак) Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл мектептеріне экологиялық мәдениетті енгізуде

Алматыдағы «Таза Қазақстан» инновациясы (Эко-Трак) Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл мектептеріне экологиялық мәдениетті енгізуде

27.05.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

25.05.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 300 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 300 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

25.05.2026

«Жастар қоғамның қозғаушы күші» атты кеңес ашық әңгіме форматында өтті. Оған қалалық жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Кеңесте мегаполис жастар саясатын қалыптастыруда, жұмыссыздықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. «Жастар — Отанға» жол картасы индикаторларының орындалу барысы қорытындыланып, алдағы атқарылатын жұмыстары сараланды. Кездесу барысында өңірімізде жас кәсіпкерлерге арналған жобалар, маусымдық жұмыстар мен жастар орталықтарының жұмысы қозғалды.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен кеңеске «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, таэквондошы, Қазақстан Республикасының чемпионы, Лондон Олимпиадасының қатысушысы, Азия ойындарының жеңімпазы Феруза Ергешова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев пен мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, құқық қорғау, аумақтық департамент басшылары, қала әкімдігінің басқарма басшылары, түрлі салада жұмыс жасайтын жас мамандар, жоғарғы оқу орынның басшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен белсенді жастар қатысты.
Жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы шаһарда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылу барысына тоқталды.

– Баршаңызға белгілі биыл елімізде егемендіктің 30 жылдығы аталып өтіп жатыр. Шымкентте әрбір екінші адам немесе халықтың 52 пайызы тәуелсіздіктің төл тумалары. Орташа жас – 26. Шымшаһар – еліміздегі жастардың қаласы. Мегаполистің болашағы жарқын, жастардың мүмкіндіктері мол. Бүгінгі жастарға ең бірінші білім керек. Бұл ретте қаламызда 782 білім беру ұйымы бар. Кәсіпкерлік саласында және жастарды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етуде де жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Еліміздің дамуында жастардың алатын орны өте ерекше. Мемлекет басшысы айтқандай, «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз, — деді Шыңғыс Мұқан.

Жиын барысында қаладағы жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, тұрғын үй салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар арнайы бейнеролик арқылы таныстырылды. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көрген жастар жарыссөзге шығып өз тәжірибелерімен бөлісті.
Азамат ЖАППАР
«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»
Фото Серік Қосаев

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

27.05.2026
Алматыдағы «Таза Қазақстан» инновациясы (Эко-Трак) Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл мектептеріне экологиялық мәдениетті енгізуде

Алматыдағы «Таза Қазақстан» инновациясы (Эко-Трак) Түркістан облысы Созақ ауданындағы ауыл мектептеріне экологиялық мәдениетті енгізуде

27.05.2026
ШЫМКЕНТ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

ШЫМКЕНТ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

26.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған