«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ретінде жергілікті билік өкілдері мен құқық қорғаушылары бүгінде тұрғындармен жиі онлайн және офлайн кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектері мен өтініш-ұсыныстарын тыңдауда.
2021 жылдың 13-тамызында Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ № 21 УПП қызметкерлері УПИ полиция майоры О. Альжанов,УПИ капитаны Е. Нургалиев,УПИ қатардағы полицей Ж.Кенже Алимбетов көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған кездесуге Әл-Фараби ауданының әкімі Р. Мыңбаев қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, тұрғындардың өз ауласындағы орналасқан балаларға арналған спорттық ойын-сауық алаңына басқа аумақтың тұрғындары келіп, ойын-сауық құрылғыларын бұзып жатқаны жайлы шағымы қаралды.
Қоғамдық мүлікті бүлдіру құқық бұзушылық болып есептелетіндіктен бұл мәселе бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тарапынан күнделікті сағат 23-00-ге дейін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі екі учаскелік полиция қызметкерлері және патрульдік полиция полкінің 3 қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілікке қойылып, тұрғындардың полицияға ұсынылған қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесі бойынша өтініші өз шешімін тауып, алдағы уақытта халықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатында полиция мен аудан әкімдігі арасында бірлесіп құрылған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.