• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 28 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ОҢ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

30.07.2021
in Басты ақпарат
ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ОҢ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Ел басшысы Қазақстанның экономикасын қарқынды дамытуда туризмнің маңызды рөлі барын үнемі айтып келеді. Сондықтан да, еліміздің барлық өңірлерінде туризмнің көптеген салаларын дамыту қолға алынған. Шымкент қаласының басшылығы мегаполисте туризмді дамыту шараларын жүзеге асыруда.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

27.04.2026
Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» орталығының өкілдері Орталық Азиядағы ауқымды шаралардың бірі саналатын KITF халықаралық туристік көрмесіне қатысуда.

Апта басында басталған шараның мақсаты – мемлекеттік қолдау шаралары мен туризм инфрақұрылымын жақсарту, заңнамалық жаңалықтарды талқылау. Сондай-ақ туризмнің жекелеген түрлері: эко — агротуризм, жағажайлық демалыс, мәдени-тарихи, медициналық, гастрономиялық туризм бағыттарын қарқынды дамытудың мүмкіншіліктерін талқыға салу.

Бағдарламаның алғашқы күнінде шымкенттік делегаттар көрме қонақтарына Шымкент қаласының туристік әлеуеті туралы ақпарат беріп, отандық және шетелдік туристердің қызығушылығын оятатын қаламыздың тарихи-мәдени нысандарын таныстырды.

Бүгінде Қазақстанға келетін туристердің (ішкі туризмді қоса алғанда) 40 пайызын Алматыға келушілер құрайды. Яғни сырттан келуші шетелдік туристердің саны бойынша Алматы қаласы абсолютті көшбасшы. Бұл орайда көрікті шаһардың туристік бағыттағы тәжірбиесі өзге өңірлерге ауадай қажет. Енді туристерге ыңғайлы орта қалыптастыруда Алматы мен Шымкент қалалары өзара әріптестік байланыс орнатты.

— «Visit Shymkent» және «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығы туризмді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты бірлесе іске асыру, «Ұлы Жібек жолы» тізбесін жалғай отырып туристік турлар ұйымдастыру және семинарлар өткізу туралы

ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келіссөз алдағы уақытта Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп ойлаймын»,- деді «Visit Shymkent» орталығы басшысының орынбасары М. Амангелдіұлы.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, туристік қауымдастықтар, туроператорлар, турагенттіктер және туристік объектілердің өкілдері қатысуда.

Tags: https://newqazaq.kz/Жаңа қазақ!шымкентШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ:  476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: 476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27.04.2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған