Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі экология, елдімекендердегі санитарлық тазалық мәселесіне үнемі көңіл бөлудің маңыздылығын айтқан болатын. Өйткені, әр адамның санитарлық тазалықты сақтау мәдениетінен бастап, ірі шенеуніктердің экологиялық ережелерді дұрыс орындауы жалпы экологиялық ахуалдың жақсаруына септік етеді.
Шымкент қаласының әкімдігі қала аумағында экологиялық жағдайды жақсарту бағытында іргелі жұмыстар атқарып келеді. Оған қоса қала басшылығы қаланы көгалдандыру, жасыл желекке бөлеу, тазалығын сақтау істерін де үнемі орындап келеді. Сол сияқты қалада тұрғындардың бойына тазалық мәдениетін сіңіру бойынша да жұмыстар жасалуда.
Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен бірге аудан әкімі аппараты ауданда құрылған экологиялық полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағындағы шағын аудандарда рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоқыс тастамау мәдениетіне баулу. Яғни, санамызға тазалық мәдениетін сіңіру – күн тәртібінде тұрған ең басты мәселенің бірі болып тұр.
Кезекті түнгі рейдтік шара барысында көпқабатты үй аулаларында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар аудан аумағындағы барлық елді мекендерде жүргізілетін болады. Қоқысты бейберекет тастамай салмай, оны арнаулы орындарға апарып жәшіктерге төкпей-шашпай салу – біздің мәдениетімізді арттырады. Әрі солай еткенде өзіміз тұратын аула мен қала таза болады.
Қаратау ауданының құрамына 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алаб кіреді. Онда 1272 көше бар болса, оның 97-сі орталық көшелер. Аудандағы көпқабатты үйлерге жалпы 67 қоқыс алаңшасы қойылған.
Тасымалдаушы мекемелер кесте бойынша күніне 2 рет қоқыс тасымалдап, оны Ақтастағы қоқыс полигонына алып барады.