• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 10 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

28.07.2021
in Басты ақпарат
ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық халық санағына ерекше мән беруді міндеттеген. Қазақстандықтардың санын неғұрлым дұрыс анықтау демографиялық қана емес экономикалық, әлеуметтік, тағы басқа да салалар бойынша дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінде ұлттық санақ мәселесі бойынша үшінші мегаполисте де жоспарлы жұмыстар тыңғылықты жүргізілуде.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде ұлттық

халық санағына қатысуға арналған бұрыштар ұйымдастырылған. Яғни, тұрғындарға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында онлайн түрде қатысуға мүмкіндік жасалынбақ. Санитарлық талапқа сәйкес, бөлімшелерге «Ashyq» қосымшасы арқылы кіруге міндеттелген. Қазіргі таңда маңызы зор іс-шараға дайындықтар жүргізілуде.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы бұл жолы екі әдіспен жүргізіледі: онлайн-санақ және дәстүрлі тұрғындардың үйлерін аралау арқылы.

Онлайн түрде тұрғындар санақтан 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайты арқылы өте алады.

Арнайы сайт арқылы санақтан өту үшін азаматтың ЭЦҚ (электрондв цифрлық қолтаңбасы) және ЖСН-ы (жеке сәйкестендіру нөмірі) болуы тиіс. Интернет арқылы тіркелген респонденттерді интервьюерлер екінші рет сауалнамадан өткізбейді.

Айта кетсек, ұлттық халық санағының 1-кезеңінде шаһарда санақ жүргізушілер тұрғын үйлер мен онда тұратын тұрғындардың санын нақтылау мақсатында әрбір елдімекенді аралап, аудандастыруға дайындықты қарқынды жүргізген болатын.

Нақты есеп нәтижесі ұлттық санақтың 2-кезеңінен соң мәлім болады. Ол 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін созылады.

Ал, 1-30 қазан аралығында санақ кезінде  персоналдары үй-үйді аралайтын болады. Тұрғындардың мәліметтері планшеттерге енгізіледі.

Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше,  санақ жұмыстарына Шымкентте 1490 санақ персоналы, яғни 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1304 интервьюерді жұмылдыру жоспарланған. Қауіпсіздік мақсатында санақ жүргізуге тартылған азаматтар тек вакцина ектіргендерден жасақталады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған