Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтырғы қыркүйек айының басында жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деген өз Жолдауында мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін көтеру, мәдени-рухани дамуын жетілдіру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, халықтың үніне құлақ асу сияқты ел дамуын қамтамасыз ететін негізгі мәселелерге барынша назар аударған еді. Міне, биылғы жылдың екінші бөлігінің бір айын да бітіріп қалдық.
Қарап отырсақ, жыл басынан бері жоғарыда белгіленген бағыттардың көпшілдігі жүзеге асырылып жатқаны көрініп тұр. Біздің үшінші мегаполис атанған Шымқаламыздың экономикалық, әлеуметтік, халыққа жайлы тұрмыс жағдайын жасау бағыттарында карантиндік шектеулерге байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша көп ілгерілеу бар.
Мемлекеттік құрылымды жетілдіру бағытында да біраз іс істелді. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылып еліміздің жақсы өркендеп дамуының көрсеткіштерін нақтылап жасау жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметкерлердің саны екі жылға 25%-ға қысқарып, олардың жалақысы көтеріліп, жауапкершілігін арттыру мәселесі де іске асырыла бастады..
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, құқық қорғау және сот саласында реформалар жүргізу қылмыстың алдын-алу бұзақылыққа жол бермеу мақсатында полиция, прокуратура сот қызметкерлерінің міндеттерін нақтылау туралы айтылғандар да қаламызда іске асырыла бастады.
Әсіресе, білім және медицина саласын реформалау, материалдық техникалық базасын жақсарту, қызметкерлердің жалақысын жоғары деңгейге көтеру жоспарлы түрде орындалуда.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты әлеуметтік кодекс қабылдау қажеттілігін айтып өтті. Жолдауда қоғамдық кеңестерінің жұмыстарын жетілдіру заң жүзінде мәртебесін бекіту туралы айтылып, жергілікті жерлерде тұрғындардың кез-келген мәселесінің дұрыс шешуіне белсенді қатыстыру « халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жүзеге асып, мегаполистің қалалық аудандарында әкімдіктер мен халықтың кездесулерінде көптеген өзекті мәселені тұрғындардың пікірлерін ескере отырып жүзеге асыру дағдыға айналып келеді. Көптен көтеріліп келе жатқан жергілікті әкімдерді бүкіл халықтық сайлауды жүзеге асырылуда, таяуда сайлау өтеді.
Жыл аяғына дейін әлі бес ай бар. Сондықтан баршаңызды осы Жолдауды жүзеге асыруға үлестеріңізді қосуға шақырамын. Сонда әрқайсымыздың да бүкіл мемлекетіміздің де экономикалық-әлеуметтік жағдайы жоғарылай түсері даусыз.