• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ – САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ

21.07.2021
in Басты ақпарат
ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ – САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ЖЕТІЛДІРІЛУІ

2021 жылы 25 шілде күні Қазақстанның тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Ауыл әкімдеріне сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары 14 шілдеде басталып, 9 күнге созылады. Республика бойынша өз лауазымынан босайтын 730 әкімнің орнына саяси партиялар және өз-өзін кандидат ретінде ұсынушы азаматтар тіркеліп, азаматтар өз ауылдарының көркеюі мен дамуы үшін таңдауларын жасайды. ҚР Президенті Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстан тарихында алғаш рет аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы айтқан еді. Мемлекет басшысы алдағы сайлау біздің саяси жүйеміздің кемелденуінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық дамуындағы елеулі қадам екенін атап өткен еді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
«ТЕҢГІЗШЕВРОЙЛ» КОМПАНИЯСЫМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМДЕР ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

«ТЕҢГІЗШЕВРОЙЛ» КОМПАНИЯСЫМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМДЕР ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

06.06.2025
ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

05.06.2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына Жолдауында 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы тапсырма берілді. Бұл бастама жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жаппай практикасын енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға арналған саяси реформалар пакетін іске асыруды көздейді. Жергілікті және өзін-өзі басқаруды реформалау бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған:

— біріншіден, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауды ашық мемлекеттік басқару қағидаты және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағыттау;

— екіншіден, азаматтардың ауыл-аймақтарды дамытуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын кеңейту;

— үшіншіден, атқарушылық және заңнама өкілеттіктерін төменгі сатыдағы мемлекеттік басқаруға кезең-кезеңімен беру;

— төртіншіден, ауыл әкімдерін тікелей сайлау кезінде партиялардың өкілеттіктерін кеңейту арқылы саяси бәсекелестікті дамыту.

Ауыл әкімдігіне кандидатқа дауыс берген халықтың кейін сайлауалды бағдарламаны қатаң бақылауына, ал халықтың дауысын жинаған әкімнің жауапты жұмыс істеп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, дер кезінде іс-қимыл жасауына жол ашады. Ол үшін сайлау ашық және әділ өтіп, қатаң бақылануы тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты принципі де сол деп есептейміз.

Бір қуанарлығы мемлекет басшысы ауылдың гүлденуі үшін ауылдықтарға халықтың мұң-мұқтажын толық түсінетін, өзіндік алға қойған мақсаты бар, саяси сауатты азаматты әкім етіп сайлауға мол мүмкіндік беріп отыр. Әсіресе, ауыл ақсақалдарының жұдырықтай жұмылып, ақыл айтар тұсы да осы. Сондықтан да көше-көше болып бөлініп, тамыр-таныстыққа салынбай, ұрпақтың болашағы үшін ауылдың бірауыздылығы мен ынтымағын арттыратындай таңдау жасап, қолынан іс келетін азаматты әкім етіп сайлауы – ол ертеңгі күні жастарға да үлгі болатынында сөз жоқ.

Ауыл көркейсе, ел көгереді. Ауылдың келешегі сынға түскен сәтте, әрбір ауыл азаматтарының дұрыс таңдау жасайтына сенемін.

Ақылбек ЕЛШИЕВ, Шымкент қаласының

«Құрметті азаматы», доғарыстағы судья.

Tags: https://newqazaq.kz/Ақылбек ЕЛШИЕВЖаңа қазақ!шымкент
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған