• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЦИФРЛАНДЫРУ – РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

20.07.2021
in Басты ақпарат
ЦИФРЛАНДЫРУ – РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылға арнаған Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет» деген болатын.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

Шымкент қаласында құқық қорғау, оның ішінде сот саласында цифрландыру жүйесі оңтайланып келеді. Қаламыздағы жергілікті соттарда өтіп жатқан барлық сот отырыстары аудиобейнежазбаға жазылып, серверлерге сақталады. Бұл өз кезегінде ашықтықты да қамтамасыз етіп отыр. Осындай аудиобейнежазбамен 52 сот залы жабдықталған. Жыл соңына дейін қосымша 13 сот залымен толықтырылып, 65-ке жетеді. Цифрландырудың артықшылығына сотқа келушілердің карантин кезінде көздері жетті. Пандемияға дейін қала соттарында күніне оншақты ғана іс қашықтан жүргізілген. Былтыр елімізде төтенше жағдай режимі, одан әрі карантиндік тәртібі енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жуықтады.

Қала соттары күнделікті 240-қа жуық сот процесін «WhatsApp», «TrueConf», «Zoom», «Skype» және т.б. мобильді қосымшаларының көмегімен өткізіп отырған.

Сотқа түсетін құжаттардың да электронды түрдегі үлесі артты. Сот жүйесі цифрландыру бойынша көш басында. Бұл – ашықтыққа бастар жол. Жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында БАҚ өкілдерін қызықтырған сот процесін қашықтан бақылауы үшін карантин талаптарын сақтай отырып, сот ғимаратының ішіне кіріп, экраннан көріп отыруына жағдай жасалған. Осылайша шымкенттік сот саласы Жолдаудағы тапсырманы жүзеге асырып, реформа жасауда көп іс тындыруда.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған