Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды» деп індетке қарсы күрестің маңыздылығын айтты.
Шымкент қаласының әкімдігі індетке қарсы күрестегі ең маңыздысы вакциналану мәселесіне аса көңіл бөлудің арқасында еліміздегі екпе алғандар саны жағынан алда келеді.
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 8473 адам вакцина салдырды: I компонент-4731, II компонент-3742. Егу науқаны басталғалы барлығы 325 354 адам вакциналанды. Оның ішінде 198 008 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Сонымен қатар, 13 шілде күні КВИ-дің 342 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 254, белгілері жоқ – 88). 78 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 264 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2196 орын бар.
2021 жылғы 13 шілде күні қалада 303 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 23 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай күрделі. Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.