• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Чернобыль ардагерлеріне 540 млн теңгеден астам қаржы төленеді

30.04.2021
in Қоғам

Жыл сайын, 26 сәуірде, Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – АЭС) 1986 жылғы апат құрбандарын еске алудың халықаралық күні атап өтіледі. 2021 жылы Қазақстанда Чернобыль ардагерлері жалпы сомасы 540,7 млн теңгеге біржолғы төлем алады.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

24.01.2025
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

06.10.2024
ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ШЕБЕРІ БАТЫЛ ШЕШІМ ЖАСАДЫ

ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ШЕБЕРІ БАТЫЛ ШЕШІМ ЖАСАДЫ

06.10.2024

Апат салдарын жоюға 32 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Бұл адамдар ардагер ретінде танылды және әртүрлі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.

«Ардагерлер туралы» заңына сәйкес: 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушылар жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) қатысушыларына теңестірілген адамдарға; Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдар жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдарға; 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушылар «Ардагерлер туралы» заңының күші қолданылатын басқа адамдарға жатқызылды. Қазақстанда ардагерлердің өмірін жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі қарастырылған:  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу; тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету; жеңілдікті салық салу; жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақшалай немесе заттай түрде әлеуметтік көмек көрсету; жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бір рет бірінші кезекте алу; амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда қызмет алуда басымдыққа ие болу және кезектен тыс емдеуге жату; білікті медициналық көмек алу;  зейнеткерлікке шыққан кезде, ардагерлер жұмыс істеген кезде тіркелген емханаларды пайдалану құқығы; арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу; білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдану құқығы; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау квотасы; барлық байланыс қызметтерін кезектен тыс пайдалану құқығы, оның ішінде ғаламтор мен телефонды бірінші кезекте орнатқызу және тағы басқалар.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – АМЖ) ардагерлерге өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан төленеді. Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін АМЖ мөлшері 6,19 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды (2021 жылы – 18 056 теңге), жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 7,55 АЕК (2021 жылы – 22 024 теңге).

«Ардагерлер туралы» заңын қабылдау барысында 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушылар үшін әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілгенін атап өткен жөн. Ардагерлердің осы санаты үшін АМЖ мөлшері 2,13 АЕК-тен 4,8 АЕК-ке дейін (2021 жылы – 14 002 теңге) арттырылды.

Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға АМЖ-мен қатар, күнкөріс деңгейі мен мүгедектік тобына, себебіне қарай мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Жәрдемақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты өсетін ең төменгі күнкөріс деңгейі аясында көтеріліп отырады. Ардагерлерге стационарлық медициналық көмек ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне арналған 2 мамандандырылған республикалық госпиталь қабырғасында (Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында) көрсетіледі.

Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күніне (26 сәуір) немесе басқа күндерге (9 мамыр –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне) орай әлеуметтік көмек көрсетеді. 2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 055 Чернобыль ардагеріне 5 АЕК-тен (14 585 теңге) 70 АЕК-ке дейін (204 190 теңге) 540,7 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсету көзделген.

Әлеуметтік көмектің мөлшері қазына мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша әрбір өңірде жеке белгіленеді.

Мәселен, келесі өңірлерде, Чернобыль ардагерлері біржолғы көмек алады: – 2021 жылдың 26 сәуіріне қарай — Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар (ішінара), Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында; – 2021 жылғы 9 мамырға — Ақтөбе, Маңғыстау және Павлодар облыстарында және Алматы қаласында. Қостанай облысында Чернобыль ардагерлеріне (74 адам) ай сайын 3 АЕК (2021 жылы — 8751теңге) мөлшерінде көмек көрсетіледі.

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған