• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАҚСАТ — ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ

17.04.2021
in Қоғам
МАҚСАТ — ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ

Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар мен мекемелерге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ұсыныстар енгізеді. Кезекті ұсыну қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты енгізіліп, қылмыстық істің мән-жайын қарастыру мақсатында қала әкімі аппараты мен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымымен онлайн форматта кездесу өтті. Шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, басшының орынбасарлары Т.Серікбаев, Б.Ұзынжас, қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов қатысты. Іс-шарада орын алған бұзушылықтардың себептері мен жағдайлары кеңінен талқыланып, алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында нақты шаралар қабылдап, қала әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың сапалы жүргізілуіне назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер талқыланып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілгендігі хабарланды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан мемлекеттік орган басшыларының және өзге де лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі қатыушылардың назарына жеткізілді. Шара барысында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ұсынуды орындау мақсатында атқарылған жұмыстар тыңдалды. Айта кетейік, жыл басынан Департаментпен мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша 12 ұсыныс енгізді.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

24.01.2025
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

06.10.2024
ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ШЕБЕРІ БАТЫЛ ШЕШІМ ЖАСАДЫ

ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ШЕБЕРІ БАТЫЛ ШЕШІМ ЖАСАДЫ

06.10.2024
Tags: newqazaq.kzЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮшымкент
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған