• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 2 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ҰЛЫ ДАЛА ДАСТАНЫ» АТТЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

12.04.2021
in Басты ақпарат
«ҰЛЫ ДАЛА ДАСТАНЫ» АТТЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Журналистер Одағының және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Көркем Академиясының академигі, Халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты Сейсенхан Маханбетовтің «Ұлы дала дастаны» жеке шығармашылық көрмесі өтті. Көрменің ашылу салтанатына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Қазыбек Иса, Қазақстан Көркем академиясының вице-президенттері Ерлан Айтуаров, Жанзақ Мүсәпірұлы, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Суретшілер одағы Түркістан облыстық филалының төрағасының орынбасары Батухан Байменовтер қатысты.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

01.07.2025
САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

30.06.2025
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

30.06.2025

Шарада сөз алған Дархан Қамзабекұлы мен ақын Қазыбек Иса суретші Сейсенхан Орынбекұлының шығармашылығына кеңінен тоқталып, «Ұлы дала дастаны» атты кітабының тұсауын кесті. Аталған кітап Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққанын айта кету керек.

Мұнан соң сөз алған Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев суретшіге облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының алғыс хатын салтанатты түрде табыс етіп, шығармашылық табыс тіледі.

Көрменің мақсаты – халықтың ел болып қалыптасуы мен елдікті сақтап қалуда мәдениет пен өнердің қалдырған мұраларын насихаттау. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында суретшінің туындылары мен шығармашылық өмір жолын таныстыру арқылы жұртшылықтың бейнелеу өнеріне деген ынтасын арттыру. Сондай-ақ Түркістан өлкесінің тума таланттарға бай екенін паш ету.

Жалпы, Сейсенхан Маханбетов 40-тан астам халықаралық және республикалық көрмелер мен сумпозиум, пленэрлердің тұрақты қатысушысы. Беларуссияда екі рет жеке көрмесін өткізген. 2018 жылы республикалық «Төле би және оның заманы» көрме-байқауынан 1 орын алса, 2019 жылы «Түрленген Түркістан» суретшілер көрме-байқауының бас жүлде иегері атанды.

Сондай-ақ қазақ мәдениет және өнер тақырыптарына, Қазақстан суретшілері туралы көптеген мақалалардың авторы. Суретшінің жұмыстары Астана, Алматы, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының музейлерінің қорында, сондай-ақ Қытай, Түркия, Ресей, Венгрия, Беларуссия тағы басқа да елдердегі жеке тұлғалардың қорларында сақтаулы. Түркістан облыстық бейнелеу өнері музейінің қорында 12 пейжаз және тарихи жанрда жазылған кескіндемелік жұмыстары тапсырылған. Бүгінгі көрмеге автордың 53 шығармашылық жұмыстары қойылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЮНХЕНДЕ  ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР  ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

МЮНХЕНДЕ ШЕТЕЛДІК МАМАНДАР ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛДЫ

01.07.2025
ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ВЕНГРИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

01.07.2025
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ АЗАМАТ

01.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған