• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 10 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Үш университет диплом беру құқығынан айырылды

02.04.2021
in Басты ақпарат, Технология, Экономика
Үш университет диплом беру құқығынан айырылды

Қазақстандық аккредиттеу агенттіктері Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және «Астана» университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025

«Білім туралы» Заңға сәйкес лицензиясыз және аккредитациясыз жоғары оқу орындары диплом бере алмайды. Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен «Астана» университетіне қабылдаған шешімі туралы ресми хат жіберді.

«Біздің ұйым оқу орындарының білім беру бағдарламаларын сараптап, сапа стандарттарына сәйкестігін анықтауға және оларға аккредитация беру жұмыстарына жауапты. Аталған екі жоғары оқу орны біздің сарапшыларымызды оқу ғимараттарына кіргізбей, аккредиттеуден кейін жүргізілетін мониторинг жұмыстарына кедергі жасады. Сондықтан біз олардың аккредитацияларын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдадық», – деді «Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы» коммерциялық емес ұйымның директоры Бегалы Халмұратов.

Айта кетейік, бұл жоғары оқу орындары бұған дейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне де жоспарлы тексерулер жүргізуге кедергі келтірген болатын. Жоспарлы тексеру жұмыстары болатыны туралы алдын ала хабардар болғанын ескеру қажет. Министрлік пен аталған жоғары оқу орындары арасындағы сот процедураларының жүргізіліп жатқанына бір жарым жыл болды. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі де (НААР/IAAR) аккредиттеуден кейінгі мониторинг қорытындысы бойынша Орталық Азия университетінің аккредитациясын кері қайтарып алды.

«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) рәсімдеріне сәйкес білім беру ұйымдары аккредиттеуден кейінгі мониторингтен өтуі тиіс. Бұл мониторинг кезінде оқу орнына берілген ұсынымдардың орындалуы тексеріледі. Орталық Азия университеті аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімінен өтуден бас тартты және IAAR ұсынымдарының орындалуы туралы есепті бермеді.

Осыған сәйкес IAAR Аккредиттеу Кеңесі жоғары оқу орнының аккредиттеу туралы куәлігін қайтарып алу туралы шешім қабылдады», – деді «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес ұйымның бас директоры Алина Жұмағұлова. Сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов жұмыс берушілер бұл жоғары оқу орындарының білім сапасына қанағаттанбайтынын атап өтті.

Оқу орнында болашақ мамандарға білім мен кәсіби дағдылар қажетті деңгейде берілмейді. «Бұл университетке қатысты біраз дүниені айтуға болады. Мысалы, жоғары оқу орындары бойынша жасалған 2020 жылғы рейтинг қорытындысын алып қарайық. Орталық Азия университетінің білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне жұмыс берушілердің қанағаттану көрсеткіші небәрі 32 процентті құрайды.

Сарапшылар жоғары оқу орны ұсынып отырған білім беру бағдарламалары айтарлықтай пысықтауды талап ететінін атап өтті. Университетте оқытылатын пәндердің мазмұны басқа пәндерден сөзбе-сөз көшірілген, айырмашылық тек пән атауларында. Мұндайға жол беруге болмайды. Орталық Азия университетіне қатысты қатаң шаралар қабылдау қажет», – деді «Атамекен» ҰКП департамент директоры Азамат Бейсенбенов. Білім және ғылым министрлігі, аккредиттеу агенттіктері және жұмыс берушілер жоғары білім сапасын арттыру бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

«Естеріңізде болса, дәл осы үш жоғары оқу орны бізге де тексеру жұмыстарын жүргізуге кедергі жасады. Осыған дейін жүргізілген тексерулер нәтижесінде бұл оқу орындарында бірқатар бұзушылық анықталған болатын. Аккредитациялары бойынша да проблемалары болды. Өткен жылы түлектері дипломдарын уақытылы ала алмай қиналған еді. Салдарынан магистратураға оқуға түсу немесе жұмысқа тұруға байланысты қиындықтарға тап болды.

Өкінішке орай, бұл жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмады. Биыл да кадрларды дайындау сапасына қатысты сол мәселелер көтеріліп жатыр. Енді бұл оқу орындары бұған дейін жүргізген тексерулеріміздің нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдауымызға кедергі келтіріп, түрлі амалдарымен уақытты созып жатыр», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы  Гүлзат Көбенова.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған