• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

24.11.2026
in Без рубрики
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

18–20 қараша аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Жарияланымдық белсенділік департаментінің директоры Жандос Серікұлы Өзбекстан Республикасына арнайы жұмыс сапарымен барды. Аталған сапардың басты мақсаты – ғылыми жарияланымдар сапасын арттыру, халықаралық дерекқорлармен тиімді жұмыс істеу тәжірибесін бөлісу, академиялық әріптестікті кеңейту, сондай-ақ білім мен ғылым кеңістігіндегі өзара сенім мен татулықты нығайту болып табылады.

Оқи отырыңыз...

 В ШКОЛЕ № 47 ИМЕНИ Т. ТАЖИБАЕВА ПРОШЁЛ ОТКРЫТЫЙ УРОК «ВЕТРЫ ИМЕЮТ СВОИ НАЗВАНИЯ»

 В ШКОЛЕ № 47 ИМЕНИ Т. ТАЖИБАЕВА ПРОШЁЛ ОТКРЫТЫЙ УРОК «ВЕТРЫ ИМЕЮТ СВОИ НАЗВАНИЯ»

24.11.2026
 ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

 ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

24.11.2026
В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КУЛЬТУРНЫХ И АКАДЕМИЧЕСКИХ СВЯЗЕЙ НА ВЕЧЕРЕ BEAUJOLAIS NOUVEAU

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КУЛЬТУРНЫХ И АКАДЕМИЧЕСКИХ СВЯЗЕЙ НА ВЕЧЕРЕ BEAUJOLAIS NOUVEAU

24.11.2026

Сапар бағдарламасы 18 қарашада Чирчик қаласындағы университет филиалында профессор-оқытушылар құрамына арналған «Жарияланымдық белсенділік және ғылыми ынтымақтастық» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинармен басталды. Кездесуде халықаралық беделді ғылыми журналдарда мақала жариялау талаптары, Scopus және Web of Science дерекқорларын тиімді пайдалану тетіктері, зерттеу жұмыстарының мазмұндық сапасын көтеру және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

19 қарашада жұмыс сапары Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінде жалғасып, мұнда жоғары білім беруді дамыту перспективаларына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Жиын аясында жоғары білім жүйесіндегі заманауи үрдістер, ғылыми зерттеулерді қолдау тетіктері, оқу үдерісіне жаңашыл әдістерді енгізу және халықаралық академиялық байланыстарды тереңдету бағыттары сөз болды. Қатысушылар білім мен ғылым саласындағы ортақ міндеттерді бірлесе шешудің маңызына тоқталды.

Ал 20 қарашада Nordic International University базасында өткен ғылыми ақпараттық ресурстар мен жарияланымдық белсенділік мәселелеріне арналған халықаралық форумға қатысты. Форум барысында цифрлық ғылыми ресурстарды тиімді қолдану, ғылыми ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту, зерттеу нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныту және ақпараттық кеңістікті дамыту мәселелері қаралды.

Үш күндік мазмұнды жұмыс сапары ғылыми тәжірибе алмасуға, көршілес елдердің жоғары оқу орындарымен серіктестікті күшейтуге және университеттің ғылыми-жарияланымдық әлеуетін одан әрі дамытуға серпін берді. Мұндай халықаралық кездесулер білім мен ғылым арқылы өңірлік ынтымақтастықты, өзара құрмет пен рухани-зияткерлік сабақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосады. Осылайша ғылыми байланыстар ортақ дамуға жол ашты.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

 В ШКОЛЕ № 47 ИМЕНИ Т. ТАЖИБАЕВА ПРОШЁЛ ОТКРЫТЫЙ УРОК «ВЕТРЫ ИМЕЮТ СВОИ НАЗВАНИЯ»

 В ШКОЛЕ № 47 ИМЕНИ Т. ТАЖИБАЕВА ПРОШЁЛ ОТКРЫТЫЙ УРОК «ВЕТРЫ ИМЕЮТ СВОИ НАЗВАНИЯ»

24.11.2026
 ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

 ӘДЕБИ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ: МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

24.11.2026
ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

24.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған