• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 21 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
in Без рубрики

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады.

Оқи отырыңыз...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

21.11.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АГРОӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЭКСПОРТЫНЫҢ КӨЛЕМІ ЕКІ ЕСЕ ҰЛҒАЙЫП, 7 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ

20.11.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ ҚАЛАЙТЫН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫН БІРГЕ ҚАЛАЙТЫН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБА

20.11.2026

Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын Абу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның Су ресурстары жөніндегі конференциясында қарау жоспарланып отыр. Бұл бастаманы Сенегал мен Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдері қолдап, жаһандық су проблемаларын шешу үшін мемлекеттердің үйлесімді іс-қимыл жасауы қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен брифингте қатысушылар бастаманы ілгерілету үшін елдердің ортақ ұстанымы, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және су инфрақұрылымы бойынша бірлескен жұмыс қажет екенін айтты.

Сенегалдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Мамаду Ндиайе екіжақты және көпжақты деңгейдегі өзара іс-қимыл сумен жабдықтау және санитария мәселелерін тиімдірек шешуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

«Жұмыс ойдағыдай ілгерілеп келеді. Бұл үдеріс жақын арада аяқталып, сумен жабдықтау және санитария саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз. Мұнда екіжақты және көпжақты өзара іс-қимыл маңызды рөл атқара алады. Дәл осы ынтымақтастық су тапшылығына байланысты мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі», – деді дипломат.

БҰҰ жанындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрақты өкілі Мұхамед Әбушахаб та алдағы конференция Қазақстанның ұсынысын талқылауға мүмкіндік беретінін растады.

«БҰҰ-ның Су ресурстары жөніндегі конференциясында түрлі бастамаларды, соның ішінде Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысты талқылауға мүмкіндік туады», – деді ол.

Мұндай құрылым құру идеясын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Ашхабадта өткен халықаралық форумда көтерген болатын. Ұйым мемлекеттердің жаһандық су ресурстарын басқару саласындағы күш-жігерін біріктіріп, су мәселелерін энергетика, климат және азық-түлік қауіпсіздігі бағыттарымен тығыз байланыстыруға ықпал етеді деп болжанып отыр.

Абу-Дабиде өтетін конференция халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, инвестиция тартуға және су ресурстары саласында қауіпсіз болашақты қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық шешімдерді іздеуге арналады. Іс-шараға қатысуға шамамен жеті мың адам ниет білдірген.

Конференция аясында одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарына арналған жеке интерактивті диалог өтеді. Оның шеңберінде Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы да талқыланады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

21.11.2026

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ АРТУДА

20.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған