Шымкент оқушылары BilimClass тегін білім беру платформасы арқылы жақсы оқығаны үшін бонус жинап, ақшаны тиімді жұмсауды үйрене алады. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелеріне арналған викторинаға қатысып, MacBook ноутбугін ұтып алу үшін бақ сынайды.
Бүгінде BilimClass Қазақстанның 18 өңірінде қолданылады. Платформаны 3,6 миллион оқушы мен 380 мыңнан астам мұғалім пайдаланады. Отандық білім беру жүйесінің қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген платформа мектептерге, оқушыларға, ата-аналарға және мемлекетке толықтай тегін ұсынылады.
BilimClass арқылы оқушылар мен ата-аналар күнделікті бағаларды қадағалап, тоқсандық және жылдық қорытынды бағалардың болжамын көре алады. Сондай-ақ әр оқушыға оқу үлгерімін жақсартуға арналған жеке ұсынымдар беріледі. Бұл білімдегі олқылықтарды дер кезінде байқап, үлгерім төмендемей тұрып қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі.
Платформада балалардың оқуға ынтасын арттыратын мүмкіндіктер де қарастырылған. Соның бірі – бонустық бағдарлама. Оның аясында 2–11-сынып оқушылары үлгеріміне қарай айына 5 000 бонусқа дейін ала алады. Осылайша, балалар ақша жинауды, шығынын жоспарлауды және қаражатын ұқыпты жұмсауды үйреніп, қаржылық сауатын арттырады.
Бағдарламаға қатысу үшін ата-ана баласының атына Power Card картасын ашса жеткілікті. Ол үшін банкке барудың қажеті жоқ. Картаны Freedom SuperApp қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.
Бұдан бөлек, 16 қарашадан бастап BilimClass платформасында Sergek Group компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған жол қозғалысы ережелеріне арналған республикалық интерактивті викторина өтіп жатыр. Оқушылар жол белгілері, жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, автобуста өзін қауіпсіз ұстау және өзге де маңызды тақырыптар бойынша білімдерін сынай алады.
Викторинаға қатысушылар арасында үш MacBook ноутбугі ойнатылады. Әр жас санаты бойынша бір жеңімпаз анықталады. Жүлдегерлер сұрақтардың 80 пайызынан астамына дұрыс жауап берген оқушылар арасынан кездейсоқ таңдау арқылы іріктеледі.
BilimClass – Қазақстандағы жетекші EdTech экожүйе Bilim Group әзірлеген платформа. Компания 15 жылдан астам уақыт бойы білім беру технологияларын дамытып келеді. Оның цифрлық шешімдері мектепке дейінгі тәрбиеден бастап кәсіби дамуға дейінгі білім берудің барлық кезеңін қамтиды.




