• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 30 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
in Басты ақпарат
Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында алғаш рет ұйымдастырылған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталып, Кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталды. Бес номинация бойынша үздік деп танылған кәсіпорындарға дипломдар мен арнайы естелік статуэткалар табысталды.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

30.10.2026
ЖОЛДАУДЫҢ КІЛТІ  

ЖОЛДАУДЫҢ КІЛТІ  

29.10.2026
️Мемлекет басшысы:

️Мемлекет басшысы:

28.10.2026

Байқау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 78-тармағы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсаты – адал кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, бизнестің ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, заң талаптарын сақтап жұмыс істейтін кәсіпорындарды ынталандыру.

Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін бұған дейін Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында конкурстық комиссияның арнайы отырысы өтті. Отырысқа комиссия төрағасы, Палата директорының орынбасары Бахытжан Құралбаев жетекшілік етті.

Комиссия құрамына Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Берік Қаипов, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Төлендиев және облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасының бас маманы Бауыржан Әділханов кірді.

Отырыста облыстың бес кәсіпорнынан түскен өтінімдер қаралды. Қатысушылар салық тәртібі, әлеуметтік жауапкершілік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, бизнестің ашықтығы мен іскерлік беделі бойынша 100 балдық жүйемен бағаланды. Салықтық міндеттемелердің орындалуына қатысты ақпаратты Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынды.

Комиссия шешімімен бес номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

* «Үлгілі салық төлеуші» – «Майлыкент Сүт» АӨК (Түлкібас ауданы). 2007 жылдан бері сүт өңдеумен айналысатын кәсіпорын 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

* «Әлеуметтік жауапты бизнес» – «Ақниет Holding» мүгедектер қоғамы ҚБ (Сауран ауданы). Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып, отандық оқушы парталарын өндірумен айналысады.

* «Қауіпсіз өндіріс» – «Наурыз-5» ЖШС (Сайрам ауданы). 2001 жылдан бері көкөніс өңдеу саласында жұмыс істеп, өндірісте санитариялық нормалар мен қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

* «Ашық бизнес» – «Bah_Asmar» ЖШС (Сарыағаш ауданы). BEREKE маркасымен отандық электр шәйнектерін шығарып, 100 жұмыс орнын ашқан.

* «Үздік шағын бизнес» – «Арай» өндірістік кооперативі (Арыс қаласы). 33 жылдан бері былғары аяқ киім өндірісімен айналысып, өнімдерін Қазақстан мен Ресей нарығына жеткізіп келеді.

Жеңімпаздар 29 қазанда Кәсіпкерлер күніне орай өткен салтанатты іс-шарада марапатталды.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев байқаудың кәсіпкерлік ортадағы жауапкершілік пен сенім мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

«Бүгінде кәсіпкердің жетістігі тек өндіріс көлемімен немесе табысымен өлшенбейді. Оның заң талаптарын сақтауы, салықты уақытылы төлеуі, қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайын жасауы және қоғам алдындағы жауапкершілігі де маңызды. Біз осындай кәсіпкерлердің еңбегін бағалап, олардың тәжірибесін өзгелерге үлгі етуді мақсат еттік.

Мемлекет басшысы атап өткен «Заң және тәртіп» қағидаты кәсіпкерлік салада да нақты көрініс табуы керек. Заңға құрметпен қарайтын, ашық әрі жауапты жұмыс істейтін бизнес қана ұзақ мерзімді сенімге ие болады. Сондықтан адал кәсіпкерлерді қолдау – тек марапаттау емес, өңірдегі іскерлік ортаның сапасын арттыруға бағытталған жұмыс. Бұл байқауды алдағы уақытта да жалғастырып, үздік тәжірибелерді кеңінен насихаттауды жоспарлап отырмыз», – деді Палата директоры.

Айта кетейік, байқау жеңімпаздары туралы ақпарат арнайы «Адал кәсіпкерлер» тізіліміне енгізіледі. Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы бұл бастаманы дәстүрлі түрде өткізіп, заң талаптарын сақтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпорындардың тәжірибесін кеңінен танытуды көздейді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

30.10.2026
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

30.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған